АЛТЫНШЫ ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

Жобаның ұйымдастырушысы – Алматы қалалық әкімдігі

img_6717

Бостандық ауданында орналасқан VІLLA Boutіques & Restaurants алдында жаппай сырғанауға арналған алтыншы тегін мұз айдыны ашылды.

Бұл сырғанақ алматылықтар мен қала қонақтары үшін екі техникалық үзіліспен (мұзға байланысты) тәулік  бойы тегін жұмыс істейді. Бұл осыған дейін салынған мұз айдындарының ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Сонымен қатар, алаң конькилерді жалға беру және тамақтану орталықтарымен қамтамасыз етілген. Олар демалыс күндері 11.00-ден 23.00-ге дейін, ал жұмыс күндері 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңге болса, 1 сеансқа (3 сағат) 1500 теңгені құрайды. Келушілер өз конькиле­рімен тегін сырғанауға да болады.

– Бүгін біз балаларымызбен келдік. Өзіміз жақын жерде тұрамыз. Тегін сырға­нау алаңы ашылып жатқаны, әрине бізді қуантады. Ол еліміздегі спортты дамытуға өз септігін тигізеді деген ойдамын. Енді жиі келіп тұруға тырысамыз. Ұйымдастыру­шыларға алғыс білдіреміз, – деді Алмаз Удемтачиев есімді ата-ана.

Мұз айдынның ашылу рәсімінде көптеген балалар мен ата-аналар қатысып, олар­дың көңілін мультсериалдардағы батырлар мен аниматорлар  аулады.

– Маған бұл жер қатты ұнады. Басқа мұз айдындарында да жиі боламын. Конь­киді жақсы теуіп үйренгім келеді. Бұл жер­дің атмосферасы қызықты болып тұр, ани­маторлар да жақсы екен, – деп келу­шілер­дің бірі Салима Ақылбек өз ойымен бөлісті.

img_6802

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның бірінен бастап осындай тегін мұз айдын­дары Жібек жолы – Абылай хан көшесінде, Қазақстанның Тұңғыш Президент саяба­ғының алдында, «Март» сауда орталығы маңында, Спартак стадионында және «Ду­бок» ықшамауданында ашылған болатын. Жақын арада тегін мұз алаңдары  Алатау  және Наурызбай  аудандарында  іске  қо­сы­лады. Аталған мұз айдындар тек жаппай сыр­ғанауға арналған. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйым­дастырушысы — Алматы қаласының әкімдігі.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *