Алтыннан артық «алтындар»

Міне, Алматы қаласында маусым айының 20-сы күні бас­талған Ұлттық бірыңғай тестілеудің кеше соңғы сынағы аяқталды.

Ең алғашқы күні көш бастаған Бостандық ауданы  мектептері түлек­терінің ең жоғары көрсеткіші 130-132 балл болса, екінші күні тапсырған Ала­тау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Түрксіб, Нау­рызбай аудандары түлектері де жақсы көрсеткіштер көрсетті. Осы күні сынақ тапсырғандар  ара­сынан 137-139 балға қол жекізген түлектер болды. Келесі күні білімдерін сынға салған Бостан­дық, Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Наурыз­бай  одан кейінгі күні білім бәйгесінде  бақ сынаған Жетісу, Бостандық аудандары­ның да түлектері өздерінің он бір жыл бойы алған білімдерін дәлелдеді. Ұлттық бірыңғай  тестілеу сына­ғы бол­ған соң  «алақай­лармен» бірге «әтте­ген-айлардың» да кездесуі заңды­лық. Біз осынау білімді сынға салған сынақта аты озып келген, Алматының мақта­нышы болған ең жоғары көрсет­кіш 140 ұпайдың 139-ын жинаған түлек­терімізді таныстырғалы отырмыз. Түрксіб ауданындағы  Сапар Байжанов атын­дағы №162 гим­назияның 11 сыныбын бітір­ген Дәулет Хамзин он бір жыл бойы осы мектепте оқыған. Отбасын­дағы үш баланың үлкені, жас кезінен үміт күттірген ұл мате­матика, физика, химия сынды сабақтарға өте жүйрік болып өскен екен.

Қалалық Мағжан, Мұқағали оқу­ларына қатысып, құр қол қайтқан кезі болмапты. «Дарын», «Тұран» өткізген ғылыми жобалар сайысына да бірнеше мәрте қатысып, жүлдегер атанғаны және бар. Ең бастысы, барлық сабақты  бөле-жара қарамайды. Барлығын бірдей біліп, бірдей меңгеруге тырыса­тын ерекше қабілет иесі. Бойын­дағы адами қасиеті де ерекше. Өз ісіне өте тия­нақты, сабырлы, көпшіл. Міне, шәкірті туралы  сынып жетекшісі Гүл­файруз Әбдінағымқызы осылай дейді. Жаңа ғасырда дүние есігін  ашқан, жаңа заман баласының ендігі арманы – техникалық ма­мандық иегері атанып,  Тәуелсіз елімізге қызмет ету. Біз де Дәу­леттің ел дәулетін арттыратын азамат болаты­нына сенімдіміз. Әуезов ауданындағы №104 жалпы білім беретін мектептің 11 «б» сыныбын бітірген Әй­герім Ибаға­лиева да барлық сынақтан сүрін­бей өткен білімді жас. Отбасын­дағы бала­лардың үлкені. Әй­герімді, әсі­ресе, астрофизи­каның заманауи мәселелері мен астро­номия саласы қатты қызық­тырады екен. Осы саладағы жетістіктері де жетерлік. Сәтін салса, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситеттің Логисти­ка факультетіне түсіп, осы салада еңбек етсем, – дейді Әй­герім. Армандарың орындалсын, Алматының алтын­дары дейміз біз де.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *