АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒАР КҮН АЛДА

Нұрлан СҮЙІН

7Қазақстанның Жазғы Олимпиада ойындарына өз туын көтеріп, дербес қатысқанына – 20 жыл. Жазғы ойындарда алғаш рет АҚШ төрінде Атланта Олимпиадасының ашылу салтанатында шеруде Қазақстан делегациясы көк туымызды желбіретіп жүріп өткен болатын. Ізінше сайыстар басталып, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жүлдесі алтын медаль болды. Оны алматылық палуан, грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко алып берген. Осы жиырма жылда Қазақстан Жазғы Олимпиададан 52 медаль олжалапты.

Биылғы Бразилия төріндегі ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан спортшылары осы көрсеткішке 4 медаль (1 күміс, 3 қола) қосып отыр. Алтын жүлде жауатын күндер алда деген үміт басым. Әзірге қоржынымыз алтынға бергісіз қолалармен көмкеріліп жатыр.

Саңлақтары Риода бәйгеге түсіп, өздері елде тақым қысқан Қазақстан халқы үміттерін зілтеміршілер Жазира Жапарқұл мен Саша Зайчиков, жүзгіш Дима Балан­дин, жеңілатлет Оля Рыпакова, дзюдошы Максим Раков, палуандарымыз бен боксшыларымыздың, басқа да саңлақ­тарымыздың жолында үкілеп отыр.

Ең бастысы, қоржын бос емес. Елдос Сметов бстаған олимпиадашыларымыз төрт күнде төрт медаль тоғытты. Әлемнің 200-ден астам елі додаға түскен Олимпиадада әр жүлденің тағдыры әрқалай болатыны белгілі. Біреудің бабы келіссе де, бағы жанбайды, біреуге жеребе жолдастыққа жарамайды. Біздің үміт артқан дзюдошы­ларымыз Мариана Ордабаева мен Жансай Смағұловтардың жолдары осылай болды. Олар халықаралық  жарыстарда үнемі жеңіп жүрген қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал алматылық жүзгіш Дмитрий Баландин Брасс әдісімен 200 метрге жүзуде әлемнің іріктелген 40 жүзгішінің арасында финалға шыққан 8 мықтының қатарында. Енді финалда жүлдеге таласады. Ескек есушілер Светлана Германович пен Владислав Яковлев те финалдық сайыста додаға түседі.

Ал әзірге ауыр атлетикадан ақтық сынға түсіп, құрама қоржынын қола медальмен толтырғандар – Карина Горичева мен Фархад Харки.

Құрама қоржынына алтын салуға «міндетті» былғары қолғап шеберлеріміздің үшеуі алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, жүлде ауылына бір табан жақындады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *