Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, ҚР халық әртісі: АБАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ СИМВОЛЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақ­стан» атты мақаласын түгелдей бір деммен оқып шықтым. Мақа­ла қоғамдағы ауқымды, өзекті тақырыптарды сөз ете отырып, ұлттық құнды­лық­тар­дың кенжелеп тұрған кезеңмен тұспа-тұс келуі Абайды қазақ­тың символы ретінде тани түсудің рухани бағдарламасы іспетті.

Мемлекет басшысы өз мақаласында: Елбасының «За­маналар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқы­мыздың Абай­ға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқы­мен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қаза­ғын биіктерге, асқар асу­ларға шақыра береді» деген өнегелі сөзін келтіріпті. Дана Абайдың өз заманында айтып кеткен сөздері бүгінде де өз құн­дылығын жоғалтпаған. Ол шынында да күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Биыл ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай өткізілетін әрбір іс-шараның өскелең ұрпаққа берері мол. Елді бірлікке, ынтымаққа, оқу-білімге шақырған ұлт ұста­зының жас ұрпаққа берер тағы­­­лымы көп. Абайды наси­хат­тау – қазақты әлемге таны­тудың сара жолы. Бұдан кейін де ақын шығармалары шет елдерге аударыла беретін болса, Абайдың қазақ топы­ра­ғынан шыққан әлемдік деңгей­дегі кемеңгер екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсері сөзсіз. Біз Абайды оқып өстік. Шы­ғар­маларымен сусын­дадық. Алда­ғы өмірімізде де Абайдың ақылына құлақ түріп, айтқа­нынан өзімізге сабақ ала бере­тініміз анық. Сондықтан Абай­ды ұлықтап, келер ұрпаққа жеткізу – бүгінгі зиялы қауымның міндеті деп білемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *