Алтын жүректі жандар арамызда

2247Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында биылғы жылдың атымтай жомарттарын «Алтын жүрек» сыйлығымен марапаттауға арналған кеш өтті. Оның өтуін «Retro Kasak һetan», «ERT» Еуразия тобы, «Алтын жүрек» компанияларының демеушілігімен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Күнделікті қарбаласқа толы өмірде байқай бермейді екенбіз, маңайымызда қайырымды жандар өте көп екен. Соның ішінде – тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға қолұшын беріп, шет елдегі алдыңғы қатарлы емханаларға емделуге жіберіп, қомақты қаржы бөлген азаматтар мұндай көмектерін өздерінің азаматтық парызы санайды екен. Сондай-ақ№ кеште сонау алыстағы ауылдарға спорттық мектептер салып берген, балалар үйлері мен мектептерге қажетті құрылғылар алып берген қолы ашық, жаны жомарт жандардың адамгершілігіне риза болған жұртшылықтың көңіліне куә болдық.

Биылғы жылы «Бауыржан» қайырымдылық қорының құрылғанына 10 жыл толса, «Алтын жүрек» сыйлығы сегізінші мәрте табысталып отыр. Осы ретте биылғы жылғы 11 номинация бойынша қолы ашық азаматтар «Алтын жүрек» сыйлығына ие болды. Оның ішінде «Жетім балаларға қамқорлығы үшін» аталымына «Bі Group» директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев ие болды. Айдын 2004 жылы бастама көтеріп, «Қамқор» корпоративтік қор құрады. Ол қор бүгінде «Жұлдызай» деп аталады. Ең маңызды бастамаларының бірі – «Мүмкіндігі шектеулі балалар шектеусіз қорға ие» атты бағдарламасы. Бұл жоба шет ел асып, емделуге қолы қысқа балалардың арманын орындап, әлемдік медицина емін өз елімізде-ақ алуларына мүмкіндік береді. Одан кейінгі екінші жобасы – Аналар үйі деп аталады. Осы жоба аясында екі жүзден астам бала жетімдік көрмей, ана жүрегінің жылылығын сезініп келеді.

«Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымына Ақтөбе қаласының «Емшан» компаниясы («Emsһan Co») ие болды. Жылтыр ауылындағы өртенген саз мектебін қалпына келтіру үшін 272 550 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен компания №59 мектебіндегі «Бокс» спорт ойынына қолдау көрсетіп, №12 балалар бақшасын жиһазбен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, Ақтоғай орта мектебіне де осындай сыйлықтарды тарту етеді.

Ал байқаудың «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» аталымына Алматыдағы Мүгедек балалардың ата-аналар ассоциациясы ие болып, жүлде оның төрайымы Әсия Ахтановаға табыс етілді.

Сондай-ақ, «Алтын жүректің» «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» аталымына атақты балуанымыз Дәулет Тұрлыханов ие болды. Бұл ретте Дәулет Болатұлы – жыл сайын жас спортшыларға қолдау көрсетіп, еркін күрестен чемпионаттар өткізіп келеді. Дарынды жас спортшыларға қаржылай көмек көрсетіп отырады. Сонымен қатар, Дәулет Қалбатау ауылына 1000 орынды үш залдан тұратын бокс, ауыр атлетика, күрес залы бар спорт кешенін салып берді.

Бұлардан бөлек «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» аталымына Дәурен Тамепов, «Алтын жүректің» «Жыл меценаты» аталымына жезтаңдай әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілясова ие болды. Майра Әлімғазықызы – сахна сандуғашы ғана емес, қайырымдылық шараларын жасап, кемтар жандарға қуаныш сыйлап жүрген қайырымды жан. Сүйікті әншіміз өзінің әнімен жанымызды емдеп жүрсе, сегіз жылдан бері өзінің концертінен түскен қаражатты денсаулығы нашар балаларды емдету үшін жұмсап келеді.

Сонымен қатар, «Алтын жүрекке» ақпараттық қолдау көрсеткені үшін «Ақпараттық қолдаушы» аталымын биыл «SҺAҺAR» телерадиокомпаниясы иеленді. Онымен бірге «Жылдың қайырымды адамы» аталымына Ақтөбе қаласының «Әнуар» ЖШС директоры Талғат Салфиков, «Жыл ұйымы» аталымына Астана қаласының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ, «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» аталымына Алматы қаласындағы «Онкологиялық орталық», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» аталымына «Корни травы» бағдарламасының жетекшісі Камохара Масаеси ие болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *