«Алтын көрсе періште жолдан таймайды»

Тағы да бір алтын жөнінде. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз бұл жолы сандалып қалды. Францияның Ван шаһарының тұрғыны Жульен поштаға барып әйеліне орамал үшін тапсырыс береді.

 Тапсырысы тез келгеніне таңқалып, әуелде түбіртекке асығыс қол қойып, қабылдап алған соң өз көзіне өзі сен­бейді.

Жіберілген сый 20 мың еуроға бағаланған. Қорап­ша­да 20-30 грамдық таза алтын құймасы,  ХVІІ-XVІІІ ғасыр­дағы алтын ақшалар, т.б. бол­ған. Ол бұл сыйды онда көрсетілген мекен-жай бойынша апарғанымен ешкімді таба алмайды. Содан кейін бұл күтпеген сыйды полицияға тапсырады. Бірнеше күннен кейін қорапшаның иелері табылып, хабарласады.

Әлгі қорапшаны жіберуші Франция ұлттық алтын ассоциациясы оны адалдығы үшін марапаттайды. Оған әжептәуір алтын құймасы табыс етіледі. Бірақ шарт бойынша құны, салмағы айтылмайды. Ал Жульен өзінің әуелдегі тапсырысын әлі күтіп жүр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *