«АЛТЫН АЛҚА» ТӨСБЕЛГІЛЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 11 қыркүйектегі №743 Жарлығы бойынша Күлсара Алдыбаева, Динара Қарақұлова және Ұлжалғас Сатқымбаеваға «Алтын алқа» төсбелгілерін табыстады. 

Айнұр Серікқызы өз құт­тықтауында Тәуелсіз Қазақ­станның лайықты азаматтарын тәрбиелеуде күшті және бақытты отбасының маңыздылығын атап өтті.

– Мен сіздерге қоғамды нығайтуға, ұлттың жалғасуы мен балаларды тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін, сондай-ақ өзара сыйластық, өзара түсіністік, өркен­деу мен гүлдену тілеймін! – деп жылы лебіз сөздерімен құт­тықтады.

Қазіргі уақытта Алмалы ауда­нында 741 көпба­лалы отбасы, 90 «Алтын алқа» иегерлері, 173 «Күміс алқа» иегерлері, 31 адам І және ІІ дәрежелі «Ата-ана даңқы» құрметті белгісімен, ал 25-і «Ардақты ана» құрметті белгісімен марапатталған.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *