Қалта телефоныңыз қай елдікі?

tf8f5109b9

Зауыттан шыққан кез-келген өнімді анық­тай­тын арнайы белгілер болады. Қалта теле­фо­ны үшін ондай белгіні ІMEІ деп атайды. ІMEІ дегеніміз (ағыл. Іnternatіonal Mobіle Equіpment Іdentіty ) – қалта телефон құрыл­ғы­сы­ның халықаралық көрсеткіші. Оның са­пасын анық­тау үшін телефонның ІMEІ нөмірін білу маңызды. Оны білу үшін кез- кел­ген телефонда *#06# (жұлдызша, тор, нөл, ал­ты, тор) комбинациясын теру керек. Сонда те­лефонның дисплейінде әр түрлі сандар тізбегі көрсе­тіледі. Мәселен, ІMEІ 355764 02300502/0.  Мұнда сан­дар тізбегі телефоның қай елде құрастырылғанын, яғни шығарылғанын 7 және 8-сандар айғақтайды. Егер 7 және 8-сандар 00 болса, бұл  зауыттың өзінен шықты деген сөз.  Ең жоғары сапа! Егер  7 және 8-сандар 01 не­месе 10 болса, бұл  Фин­лян­дияның өнімі. Сапасы өте жақсы.  7 және 8-сандар 02 немесе 20 болса, бұл  Қытайда жинастырылғанынан хабар береді. Сапасы нашар. Егер 08 немесе 80 болса Германияда шы­ғарылған. Сапасы жақсы деуге тұрарлық. 04 немесе 40 болса  Венгрияда жинастырылған. Егер  13 болса Әзербайжан елінде шығарылған.  Сапасы нашар және денсаулығыңызға қауіпі жоқ емес.

67 – Америка Құрама Штаттары;

19, 40 – Ұлыбритания;

07, 08, 78, 20 – Германия (сапасы жақсы);

01, 10, 70 – Финляндия (сапасы жақсы);

30 – Оңтүстік Корея;

03, 80 – Қытай;

04 – Венгрия;

05 – Вьетнам;

02, 20 – Біріккен Араб Эмираты (сапасы нашар);

13 – Әзербайжан  (сапасы нашар);

60 – Сингапур;

00 – бұл телефонның 2003-004 жылдары өндіріске енгізілгенін білдіреді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *