Алмытылық спортшылар үздіктер қатарында

Үстіміздегі жылдың 24 қаңтары мен 10 тамыз аралығында Алматыда Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті.
Аталған спартакиадада спорттың 40 түрі бойынша жарыстар өтті. Атап айтқанда, үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби, спорттық гимнастика, гандбол, спорттық құзға өрмелеу, самбо, бадминтон, бокс, желкен спорты, каратэ-до, ат спорты, баскетбол, көркем гимнастика, батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы, жүзу, байдарка есу. Сонымен қатар, спортшылар каноэ, дзюдо, президенттік көпсайыс, оқпен ату, волейбол, велосипед спорты, триатлон, таэквондо, жағажай волейболы, шөптегі хоккей, академиялық есу, ауыр атлетика, теннистен өзара сайысқа түсті.
Жалпы жарысқа еліміздің 17 облысы мен қалаларынан 7 мыңнан астам спортшы қатысты. Айта кету керек, бұл жарыстар төрт жылда бір рет өтеді.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Алматы қаласының командасы 1 орынға ие болды. Ал, екінші орынға Шымкент қаласы жайғасса, үшінші орынды Алматы облысы иеленді.
Алматылық спортшылар жарыста өздерін жақсы қырынан көрсетіп, сәтті өнер көрсете білді. Осылайша біздің мегаполисіміздің спортшылары еліміздің ең спорттық қаласы мәртебесін иеленетінін тағы бір рет дәлелдеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *