АЛМАТЫ ЗООБАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ

36Алматы әкімі ЕАӨЗАҚ-ы сараптамалық комиссиясының Алматы зообағы жөніндегі  ұсыныстарын тыңдады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Еуразиялық өңірлік зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының атқарушы директоры, Мәскеу зообағының методи­калық бөлімінің меңгерушісі Владимир Фролов басқарған өкілдермен кездесіп, халықаралық сараптаманың Алматы зообағы туралы жасаған қорытындыларын тыңдады.

— Біздің зообақ мемлекеттік, оған жиналатын түсімді 25 пайызға көтеруді алдымызға міндет етудеміз. Зообақ жақсы болса, оған келушілер саны да артады. Қазір мұнда жариялылыққа мән берілуде, шығыс бөлік 14 пайызға азайды, тиімділік артуда, аңдарға кәсіби көмек көрсетілуде, тәуелсіз Кеңес құрылды, ол зообақ жұмысын қатаң бақылауға алуда, — деді әкім.

Мегаполис башысы ЕАӨЗАҚ-на зообақ жөнін­де жасаған ұсыныстары және осы қауымдастыққа мүше етіп қабылдайтындықтары үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Владимир Фролов Алматы зообағы­ның қазіргі жағдайы жақсы екендігін айтты.

— Біз жоғары деңгейде зообаққа ерекше көңіл бөлгендеріңізге ризамыз.Таяу жылдары оның заманауи зообаққа айналатындығына еш күмән келтірмейміз. Әрине, қаржылық көмек қажет, бірақ, оның бәрі кейін толықтай өтеледі. Біз сіздерге келгенше екіұшты сезімде болғанымыз рас, өйткені, шағым мен жайсыз қоңыраулар көп түсті. Зообаққа келіп, барлық жағдайды өз көзімізбен көрген соң, көңіліміз толды. Аңдардың жағдайлары, азықтануы жақсы, тіпті, арыстан мен гепард ерекше күтімге алынған. Ең маңыздысы, материалдық база. Ұжым өте сауатты, өз істерін біледі. Керіктер мен мүйізтұмсықтар басқа зообақтарда да бар, ал сіздердегілер көбейіп жатыр, бұл сирек кездсетін құбылыс. Аң тұратын қоршаулар да мықты, әсіресе гепард, жолбарыс, жираф тұрған вольерлер. Ал құстардың клеткалары соңғы талаптарға сай жасалыпты. Ветеринарлық қондырғыларды алу қажет, бұл ретте біз медициналық академиялармен бірігіп жұмыс істеуді ұсынар едік. Сонымен қатар, аңдарға деген сүйіспеншілік мәдениетін бала жастан қалыптастыруды ұсынамыз. БАҚ-ты қатыстыра отырып, түрлі экскурсиялар жасаудың пайдасы зор, — деді В.Фролов.

Кездесу соңында қонақтар болашақта Алматы зообағының заманауи баққа айналатындығына зор сенім білдірді.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *