Алматы жолдарында бейнебақылау камералары көбейтілмек

Қазіргі таңда Алматы жолдарындағы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесінде 108 камера жұмыс жасап тұр екен. Жыл соңына дейін бұл камералардың санын 142-ге жеткізу жоспарда тұрған көрінеді. Міне, қолға алынып жатқан осындай шаралардың арқасында еліміздегі жол апатының саны 8,5 пайызға қысқарыпты.

Алматы қалалық полиция департамен­тінің хабарлауынша, бұл жоба жүргізуші­лердің тәртібін түзетуге және жол қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр екен. Әрі қолға алынған осындай шара­лардың арқасында жол апатының саны бүгінде 8,5 пайызға дейін қысқарса керек. Ал жол апатынан жапа шеккендердің саны 10 пайызға дейін азайыпты.

Бұл ретте жол сақшыларының берген мәліметіне сүйенсек, камералардың көмегімен жыл басынан бері жол ережесін бұзған 255 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылса керек. Сонымен қатар, 1073 жүргізушінің мас күйінде көлік тізгіндегені анықталған. Оның ішінде 1891 жүргізуші сот арқылы көлік жүргізу құқығынан айырылған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close