Алматы жастарының тартуы

«Royal Tulіp» отелінде қала мектептерін үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табыстау салтанаты өтті

Рая ЕСКЕНДІР

Дәстүрлі «Жас түлек–2019» мерекесіне шаһар басшысы Бауыржан Байбек қатысып, еліміздің ертеңі болар білімді, бәсекеге қабілетті жастарға ізгі тілегін арнап, өмірдегі алғашқы жеңістері «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті. Зәулім ғимарат ішін әсем әуен кернеп, «Алтын белгі» деп жазылған алтындай жарқыраған ерекше лента тағынған бозбалалар мен бойжеткендер кіріп келгенде, бүкіл зал қошемет көрсетіп, орындарынан тұрды. «Қанатыңды кең серпі» әні онсыз да армандары асқақтап, ертеңгі күнге асығып тұрған жастардың көңіліне қанат бітірді.

Суретті түсірген Самат!
№39 лицей: Мәлікованың мақтаныштары.

Биылғы мектеп бітіруші 8 250 түлектің арасынан аты озған 478 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Барша «Алтын белгі» иегерлерін қала әкімі шынайы сезіммен құттықтап, олардың өмірлеріне табыс тіледі. Алға қойған арман-мақсаттарына қол жеткізіп, еліміздің өркендеуіне зор үлестерін қосуға шақырды.

Айжанның «алтындары». №59 гимназия.

– Сіздердің білімге деген құштарлық­тарыңыз, табанды әрі ерен еңбектеріңіз жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңызда республикалық, халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық және зияткерлік конкурстардың, спорт жарыстарының жеңімпаздары бар. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда туған біздің болашағымызсыздар. Барлық мұғалімдерді, әрине, ата-аналарды құттықтаймын әрі алғыс айтамын. Балаларының биік межелерден көрінулері үшін олар аянбай тер төгіп, қаншама түндерді ұйқысыз өткізді. Балаларының жетістіктері олардың махаббатына, төзімділігі мен қамқорлығына берілген марапат болсын, – деді Бауыржан Байбек.

Сәния Өскенбайқызы мен №140 мектептің «алтындары».

Алматы – тәуелсіздігіміздің тал бесігі екендігімен ерекшеленеді. Сондықтан жаңалық атаулының Алматыдан бастау алып жататындығы да заңды болса керек. Бірнеше жыл қатарынан пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауынан бас жүлдені иеленіп келе жатқан Алматының мақтаныштары білім бәйгелерінде ғана емес, өнер мен спортта да алда.

Әлия мен №138 мектептің «алтындары».

Алматыда соңғы бес жыл ішінде білім саласын қаржыландыру екі есеге өсіп, барлық мектептер физика, химия, биология және лингофонды кабинеттермен 100 пайыз жабдықталған. Міне, осындай қолдаудың жасалуы оқушылардың сапалы білім алуларына жағдай туғызып отыр.

№104 мектептің мақтаныштары.

«Алтын белгімен» марапаттау салтанатында он бір жыл бойы тәлімді тәрбие мен сапалы білім алған түлектерге ізгі тілектер айтылып, эстрада жұлдыздары әннен шашу шаша келді. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек пен Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, ардагер ұстаз Аягүл Миразованың қолынан «Алтын белгі» алған түлектердің жүзінен қуаныш төгілді.

Ерұлан Жиенбаев пен №92 түлектері.

Осылайша он бір жыл бойғы еңбектері ақталып, ізденістері ізгілікке бастаған жаңа ғасырдың жаңашыл жастары алдағы үлкен сынақ – ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдеп, сенім биігінен көрінеміз деді. Биылғы жастар жылына ерекше тарту жасаған Алматының алтындарына Алатаудай асқақ армандарың аласармасын дейміз!

№62 Атығай Бижанов өзінің «алтындарымен».

Биыл Алматы мектептерін 8250 түлек бітірді.

478 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

№43 Ғалия Нәлібаева «алтын қыздарымен».

Биыл Алатау ауданында 600 орынды жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, екі мектеп жанынан 1300 орынды қосымша ғимарат бой көтеретін болады.

№169 лицейдің «Алтын белгілері».

Елбасы тапсырмасы аясында Алматыда тағы да 7900 орынды 8 жаңа мектеп құрылысы салынады.

Фатима Әлиакпарова №148 мектеп-гимназияның «алтындарымен».
Жетісу ауданының мақтаныштары.
Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия басшысы Манас Саяхатұлының мақтаныштары.
Әсет Нұрғазы №182 мектеп мақтаныштарымен.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *