АЛМАТЫ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Жұлдыз Омарбекова мен Артур Платонов мегаполистің белсенді жастарымен кездесті.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы­ның орынбасары Қ.Бисембаев және «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қаласы филиалының төрағасы М.Ахметов қатысты.

Басқасуда депутаттар өткен жыл­дың маусым айында ашылған жастар­дың «Jas Otan» коворкинг-орталы­ғымен танысты. Оpen Space  принципі бойынша ұсынылған орталық бірнеше аймаққа бөлінген. Онда ІT statіon, Readіng platform 1000 кітапқа арнал­ған кітапхана, сондай-ақ, орталықта жастардың Meetіng room семинарлар мен тренингтер және басқа да кездесулер өткізетін аудито­риялары бар.

Кездесу барысында халық қалау­лылары Нұргүл Асанованың «Jurek store» қайырымдылық жобасы таныс­тырылды.  Сонымен қатар, депутаттар «Almaty Volunteers» еріктілер жоба­сымен және «Қамқоршы» әлеуметтік жобасымен танысты.

Депутаттар Жастар жылының қорытындысын 2019 жылдың жалғасы ретінде, 2020 жылды Еріктілер жылының басталуын талқылады.

– Қазір жастардың тарапына айтылатын сын-ескертпелер айтылып жататыны жасырын емес. Десек те, мен сіздерге қарап қала жастарының белсенділігін, қара тіршілігіне, қоғам­да болып жататын өзгерістерге бей-жай қарай алмайтын белсен­ділік­теріңе ризамын. Сіздерге қарап отырып, біздің еліміздің болашағы жарқын болатынына мен бек сенім­дімін,  – деді Артур Платонов.  Депутат сондай-ақ Еріктілер жылы­ның маңыздылығына да тоқтала кетіп, мемлекет олар  үшін түрлі салаларда барынша жағдай жасауға тырыса­тынын айтты.

– Волонтер болу, бұл – адамның жан қалауыңмен ешқандай ақысыз қоғамға пайда келтіруге ұмтылу. Өз­ге­ге көмектесу арқылы өзіңе көмек­тесу. Міне, соны түсінген жастар өзде­рінің жас ерекшеліктеріне қарамастан бұл еңбектерін ел алдындағы маңызды міндет деп біледі. Біздің алдымызда әлі де іске асырылуға тиісті міндеттер жетіп-артылады. Менің ойымша, біз осы биіктерге бірге қол жеткіземіз. Мәселе жеткілікті, бірақ олар бірлесіп шешіледі. Сондықтан біз сіздерді барлық бағытта белсенді болуға шақырамыз», – деді депутат.

Өз кезегінде сөз алған Жұлдыз Омарбекова жастарды Отанын сүюге, яғни жақсы білім алуға, отбасын құруға, еріктілікпен айналысуға шақырды. Бұл үшін елде барлық қажетті жағдайлар жасалған.  «Ерік­тілік – бұл біреудің жақсылық жасай­тынын ойламай, жақсылық жасау. Бұл үлкен мектеп, сенім мектебі», – деді ол. Оның айтуынша, әрбір адам өзінің іс-әрекетіне ғана жауап беруі және ел игілігі үшін еңбек етуі тиіс. Кездесу барысында жас белсенділер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Халық қалаулыларымен өткен кездесу жастар үшін өте тартымды өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *