АЛМАТЫ ӨЗЕНДЕРІ – ШАҺАРДЫҢ КҮРЕ ТАМЫРЫНДАЙ

Өзен арналарын тазалау қолға алынды

30Қала қызметтері қаңтардың алғашқы онкүндігінде Бостандық ауданында жүргізген абаттандыру жұмыстары барысында Есентай өзенінен 5 тоннаға жуық балшық-қоқыс шығарды. Алматы әкімдігі шұғыл түрде қала өзендерінің арнасын тазалауды ұйымдас­тырып, қыс-көктем маусымындағы ағын су, қар суларының жолын тазалау мақсатында жұмыстар бастады.

Алғашқы жұмыстар өзен арнасы бойымен әл-Фараби даңғылынан, Тимирязев көше­сіне дейін бір шақырымдай жерде жүргізілді. Өзеннің осы бөлігіндегі 7 сарқырама-өткел де (каскад) 50-90 пайыз лай-құммен толып қалған. Өзен арнасын тазалауға өз техника­сымен «Қазселден­қорғау» ММ (1 экскаватор, 1 тиегіш мәши­не), «Алматы тазалық» МҚМ (6 жүк мәшинесі) және «109» құтқару қызметі (1 автокран, 1 шағын тиегіш) кірісті.

Мамандар Есентай өзенінің жоғары жағының өзге учас­келері 5-10 пайызға құм-лайға толған, су ағысына кедергі келтірмейді деп отыр. Яғни, оларды жоспарлы түрде наурыз-мамыр айларында тазалауға болады. Бостандық ауданынан Есентай өзені маңын тазалап, абаттандыруға ауданның ком­муналдық қызметінің 60 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Аталмыш жұмыстар Алма­ты қаласы әкімдігінің басшы­лығымен қыс-көктем мезгілінде су тасқыны, лай көшкіні сияқ­ты төтенше жағдайларды бол­дырмау, алдын-алу мақсатында атқарылып отыр. Осыған орай, «Алматыэкологоқұрылыс» МҚМ Есентай өзеніндегі өткел-бөгет механизмдерінің, шлюз­дердің техникалық жағдайын тексеріп, қажет жерінде жөндеу жұмыс­тарын атқаруда.

«109» құтқару қызметі ау­дан­дық әкімдіктермен, Алматы қалалық Табиғи ресурстар бас­қармасымен және «Қазсел­ден­қорғау» мекемесімен бірлесіп Ал­матыдағы өзендер мен көл­дердің, гидротехникалық ны­сан­дардың тізімі бойынша тө­тенше жағдайдың алдын-алу жоспарын жасап жатыр. Соны­мен қатар, Үлкен және Кіші Ал­маты, Есентай, Әбіл­ғазы, Ақсай, Қарғалы, Тіксай, т.б. өзендер арналарының қазіргі жағдайы хатталып, қауіпті учаскелері анықталып жатыр. Анықталған учаскелерде бірінші кезекте төтенше жағдайға қарсы жұмыстар жасалды.

Алматы сел, лай көшкіні сияқ­ты табиғи төтенше жағ­дайға қауіпті аймақ. Айтылған жұмыстар солардың алдын-алу шаралары.

«Ақшам-ақпарат». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *