«АЛМАТЫ» ҚЫЗДАРЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Гандболдан әйелдер клубтық командалары арасындағы ІІІ Азия чемпионаты аяқталды

Алматыда өткен ойындар 3–9 қазан аралығында «Достық» спорт кешенінде Қазақстан, Иран, Үндістан және Өзбекстан елдерінен келген 6 команданың қатысуымен болды.

Тартысты әрі қызықты өткен чемпионаттың нәтижесінде Алматы қыздар гандбол клубы ең жоғары 10 ұпайды жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарға қызылордалық «Қайсар» мен «Астана» командалары жайғасты.

– Алдымен Алматы қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстан гандбол федера­циясына осындай мейрам үшін алғыс білдіргім келеді. Біз алдын-ала чемпион болып, барлық 5 ойында жеңіске жеттік. Ойыншылар менің нұсқаларымды орындап, командалық ойын көрсете білді. Өте қуаныштымыз. Сондай-ақ, келіп бізге қолдау көрсеткен жанкүйер­лері­мізге де алғысым шексіз. Енді алда бізді ел чемпионаты күтіп тұр, – деді «Алматы» командасының жаттықтыру­шысы Арсен Бердібеков.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және медальдармен марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар таратылды.

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close