АЛМАТЫ – ҚЫСҚЫ СПОРТ АСТАНАСЫ

Оңтүстік астанада Бірінші қысқы балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық фестивалі аясында биатлоннан жарыс өтті

Нұрлан СҮЙІН

 Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер олимпиадалық фестивалі аясында қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар елімізде бір ай бойы жалғасып келеді. Оңтүстік астанадағы «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша «Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында 12 жастан асқан жас спортшылар арасында фестивальдің үшінші кезеңі – биатлоннан жарыстар өз мәресіне жетті. Бұл фестивальдің ұйымдастырушысы – Ванкувердегі Олимпиада ойындарының биатлоннан күміс жүлдегері, танымал қазақстандық спортшы Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры.

Ұлттық Олимпиада комитетімен ресми республикалық спорттық күнтізбеге енгізілген фестиваль 21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында өтеді. Биатлон бойынша жарысқа Қазақстанның әр аймағынан: Қарағанды, Петропавл, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан 100-ден астам жас спортшылар қатысты. Фестиваль сайыстарында барлығы 700-ден астам жас спортшылар  бағын сынайды.

Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер олимпиадалық фестивалі аясындағы жарыстар Қазақстанның бірнеше қалаларында өтіп жатыр. Бірінші кезең еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайының базасында өтті және ол конькимен жүгіру спорты мен шорт-трек жарыстарын қамтыды. Шаңғы жарысы Щучинск қаласындағы «Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында» өтті. Сондай-ақ, 25–27 желтоқсан аралығында Өскемен қаласындағы «Қысқы спорт түрлерінен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» базасында фристайл бойынша жарыстар фестивальді қорытындыламақ.

Атақты спортшылар мен олимпиадашылар – конькимен жүгіру спортынан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева, могулдан әлем чемпионы Юлия Галышева, атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, сондай-ақ биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталёва фестивальдің барлық кезеңдерінде жас қатысушыларға қолдау көрсетіп келеді. Жас спортшылар спорттық фестиваль аясында маусымның басты жарысы – Лозаннадағы 2020 жылғы Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына өз дайындықтарын пысықтауда. Алкогольсіз сусындардың өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы «Кока-Кола» компаниясы фестивальдің бас серіктесі болып табылады, сондай-ақ, жарыстардың барлық қатысушыларына сыйлық ретінде өз өнімін ұсынған, отандық өндірушілер арасындағы сүт өнімінің өндірісі жөніндегі көшбасшысы «ФудМастер» компаниясы фестивальді өткізуге қолдау көрсетті.

– Біздің қор спортшы жастарды қолдау мақсатымен және халықаралық жарыстар алдында қажетті жаттығулар мен жарыс тәжірибесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жергілікті халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін құрылды. Бұл фестиваль қордың идеялары мен философиясына толық сай келеді және серіктестердің қолдауы арқасында ол ауқымды, әсерлі болып, жоғары деңгейде өтпек. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында Олимпиада рухын дамытуға арналған осындай жарыстардың жыл сайын өткізіліп, өте танымал болатынына сенеміз», – дейді  Олимпиадалық қордың директоры, биатлоннан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталёва.

Спорт адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, себебі ол физикалық денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өзіңмен және қоршаған әлеммен рухани денсаулық пен үйлесімділікті табуға көмектеседі деп есептейді «Кока-Кола» компаниясында. Сондықтан компания Халықаралық Олимпиада комитетінің жаһандық серіктесі бола отырып, әр түрлі деңгейдегі спорт жарыстарын әрдайым қолдайды.

«Біздің компания ондаған жылдар бойы Олимпиадалар мен Әлем чемпионаттарынан бастап әуесқойлық жарыстарға дейін – барлық деңгейдегі спорт оқиғаларының бас серіктестерінің бірі болып келеді. Осы жылы Coca-Cola Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) серіктестікті тағы он екі жылға ұзартатынын жариялады. Біз Қазақстанда маңызды спорттық іс-шараларды қолдау принципіне сенімді болып қалудамыз. Бұған қоса, біздің компания теннис федерациясы мен триатлон федерациясының серіктесі болып табылады. Біз қазақстандық спорт комитеттерімен күшейтілген қарым-қатынастарымызға және жастарды спортқа тартуға, әрі жас қазақстандықтардың спорттық жетістіктерін жоғарылатуға әрекетет ететін ауқымды Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер олимпиадалық Фестивалінің пайда болғанына шын жүректен қуаныштымыз», – деді Coca-Cola Іcecek Kazakhstan компаниясының корпоративтік қатынастар жөніндегі басшысы  Фархат Сеитов.

Еліміздегі Балалар мен жасөспірімдер Олимпиадасы жоғарғы деңгейде өтуде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *