Алматы қырандарын қарсы алды

Жақында Абу-Даби қаласында брази­лиялық джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Османжан Қасымов Алматыға оралды.

Сонымен қатар, елге  Qazaqstan Top Team джитсерлары Руслан Исраилов, Айдар Түлебаев, Ядгар Қасымовтар да оралды.

Османжан 77 келі салмақ дәрежесі бойынша күлгін түсті белбеу санатында додаға түсіп, шешуші кездесуде жергілікті джитсер Сауд Альхмадиді ұтқан болатын. Осылайша жерлесіміз әлем чемпионат­тарындағы өзінің үшінші финалдық кезде­суін өткізіп, алғаш рет чемпион атанды. Осыған дейін ол екі рет күміс  жүлдеге ие  болған  еді.

– Финалдық кездесу мен үшін маңызды болды, себебі, қарсыласым араб елінің тумасы еді. 2015 жылы дәл осылай мен финалда осы елдің азаматына қарсы шығып, ұпай саны бойынша ұтылдым, алайда жеңіске мен лайықты болып санал­ғанмын. Осы жолы сол жағынан  психоло­гиялық тұрғыдан  қиын болды. Кездесу бірқалыпты болды. Мен соңына тақау басымдылық  танытып, оған лақтыру әдісін қолдандым, – дейді әлем чемпионы Осман­жан Қасымов. Оның ендігі мақса­ты — ADCC ережесіне сәйкес өткізілетін грепплингтан әлем чемпионы атану. Ол үшін ол іріктеу кезеңін  өтіп, келесі  жылы  болатын Азия және Океания чемпионатын ұтуы керек.   Сонымен қатар, Әлем чемпио­натының күміс жүлдегері Айдар Түлебаев та өз ойымен бөлісті. Ол қоңыр белбеулілер арасында 77 кг. салмақта сайысқа түскен болатын. Айдар  өткен әлем біріншілік­терінің екі дүркін жеңімпазы  атанған.

– Мен финалда көп қателіктер жібер­дім. Джиу-джитсу спорты қателіктерді кешірмейді. Мен ауырту әдістерін жасамақ болып бірнеше рет әрекет  еттім, алайда ол оны пайдаланып, ұпай жинаумен болды. Бірақ болар іс болды, алда әлі талай  жеңіс­тер күтіп тұр деп  сенемін, – дейді күміс жүлдегер.

Айта кетер жәйт, Біріккен Араб Әмірлі­гіндегі әлем чемпионаты 2011 жылдан бастап 9 салмақ және жас дәрежесі бойынша UAE JJF ережесіне сәйкес өткізіліп келеді. Әр  жыл  сайын оған өз бақтарын сынауға әлемнің түкпір-түкпірі­нен 3000-ға жуық спортшы  жиналады. Бұл  жолы ол сәуірдің 21–28 аралығында өткізіліп, оған Қазақстанның әр клубынан шамамен 200-ге жуық спортшы  қатысқан.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *