«АЛМАТЫТЕЛЕКОМ» ӨТД БҰЛТТЫ МУЗЫКАЛЫҚ СЕРВИСКЕ ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

«Алматытелеком» ӨТД musіc.nur.kz – лицензиялық әуендерді ағымды және офлайн уақытында тындауға мүмкіндік беретін,  кең ауқымды және түрлі музыкалық сервиске жазылу мүмкіндігі туралы ескертеді. 

Musіc.nur.kz кең ауқымды қолдануға бағытталған музыкалық сервиске жазылу,  музыкалық қорға қолжетімділігі мен офлайн режимде тыңдау үшін әуендерді сақтауға мүмкіндік береді. Музыкалық контент кез-келген мультимедиялық құрылғыда (ЖК, планшет, смартфон) қосу мүмкіндігіне ие.

Өнім «Алматытелеком»  ӨТД қызмет­терге қосымша сервис болып, қолдану­шыларға ондаған шетелдік, ресейлік және қазақстандық кураторлардан (музыкалық басылымдар мен лейлдар) әр түрлі көңіл-күйлер мен авторлық жазбаларды ыңғайлы ойнату тізімдерін жасау арқылы пайда­ланушыға түрлі музыкалық контентті тыңдауға мүмкіндік береді.  «Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін, NUR Musіc қосым­шасында Premіum-қосылу бағасы 448 тг. Өнімге қосылу telecom.kz бірыңғай порталы арқылы жүзеге асырылады және абоненттің жеке кабинеті арқылы іске қосылады.

Жаңа сервисті қосу тәсілдері туралы толық ақпаратты және «Алматытелеком»  ӨТД жаңа қызметтері мен науқандары туралы ақпаратты 160 (тегін) қоңырау шалу арқылы немесе компанияның ресми порталы telecom.kz арқылы білуге болады.

 

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *