«Алматытелеком» бильярд турнирiнiң чемпионы атанды

Өткен 3-желтоқсан күнi «Алматытелеком» ҚТО бастамасымен Ритц-палас залында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған «Қазақтелеком» АҚ Алматыдағы филиалдары арасында бильярд турнирi өттi.Турнирге 9 команда, 38 ойыншы: Қоғамның орталық аппараты, Корпоративтiк сату дирекциясы, «Телеком-жинақ» дирекциясы, «Алыспен байланыс» дирекциясы, «Инфокоммуникациялық технологиялар» дирекциясы, Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылыс дирекциясы, Ақпараттық жүйелер дирекциясы, «Алматытелеком» ҚТО қатысты. Турнирге қатысушыларды «Алматытелеком» ҚТО Бас директоры Шерхан Раздықов ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы мерекесiмен құттықтады.

Жарыс қазiргi Әлемдiк чемпионаттардың заманауи «құрамдастырылған пирамида» ережесi бойынша өткiзiлдi.

«Алматытелеком» ҚТО командасының Владимир Клинковский, Ғабит Нағашыбай және Рахым Темiрхан сияқты ойыншылары тамаша шеберлiк пен «мергендiк» дәлдiкпен таңқалдырды. Олардың арқасында Алматытелеком командасы 20 ұпаймен алға шығып, 1-орынды иеленiп, «Қазақтелеком» АҚ Алматыдағы филиалдары арасында 2011 жылғы бильярд турнирiнiң чемпионы атанды. Табандылық күрес нәтижесiнде «күмiс» жүлденi ТИҚД (14 ұпай), «қола» жүлденi ТЖД (13 ұпай) алды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған жарыстың жеңiмпазына» деген белгiсi бар кий ТИҚД командасының ойыншысы, бас директордың орынбасары, қаржы директоры Айдын Ақаевқа салтанатты түрде тарту етiлдi. Сондай-ақ құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етiлдi. Естелiк суретке түсiрiлдi.

Алмас РЫСБАЕВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *