«Алматы» телеарнасы шағын бизнеске қолдау көрсетпек

Коронавирус індетіне байланысты  ұзақ уақытқа созылған карантин салдарынан еліміздегі бизнес тұралап, экономикаға едәуір нұқсан келді. Сол себепті телеарна басшылығы кәсіпкерлерді қолдап, қиын сәтте қол ұшын созуға шешім қабылдады.

«Алматы» телеарнасы Шағын бизнесті қолдау үшін жаңа акция бастады. Бұл үрдіс ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Яғни, телеарна акциясы аясында шағын бизнес өкілдерінің жарнамалық роликтерін эфирге тегін жариялайтын болады. Бұл өз кезегінде кәсіп аясының кеңейіп, халық арасында сұранысқа ие болуына мейлінше сеп болмақ.

Сондықтан «Алматы» телеарнасы қала кәсіпкерлері мен өзге де өңір бизнес өкілдерін бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады.
Толық ақпаратты телеарнаның коммерциялық қызметінен, +7 (727) 275-22-22 білуге болады. Акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *