«АЛМАТЫ» телеарнасының 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

Айтулы мереке 23 қараша күні сағат 16.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді. Кеште танымал эстрада жұлдыз­дары Әлішер Кәрімов, Бүркіт пен Аиша, Сивиетта Махмуди, Бейбіт Көш­қалиев, Серікбол Сайлаубек әннен шашу шашып, ең үздік әндерін тарту етеді. Ал «Q-pop», «CrystalZ», «Оtty», «MalіkaYes», «MayBo» және «Бұйра» топтары да бұрын-соңды еш жерде орындалмаған жаңа әндерінің тұсауын кеседі. «Алматы» телеарнасын құттықтау үшін Қазақстан­ның белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері арнайы келеді.

Кеш  қонақтары Алматы қаласы мен телеарна тарихына негізделген қызықты ұтыс ойындарына қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Медеуге» кіру билеттерін tіcketon. kz немесе kassіr.kz онлайн  кассасынан сатып алуға болады.

Тарихы 1999 жылдан бастау алатын «Алматы» арнасы бүгінде еліміздің барлық өңірлерін қамтыған. Телеарна цифрлық жүйемен хабар таратады.  «Отау ТВ» спутниктік теледидары арқылы бізді Қазақстанның кез-келген бұрышынан көруге болады. Хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты – 19 сағат, оның 55%-ы мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Телеарнаның Нұр-Сұлтан қаласында тілшілер қосыны бар. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қара­ғанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы серіктес­терімен тығыз байланыс орнатқан.

«Алматы» арнасы кино сүйер қауым­ға шытырман оқиғалы фильм­дерді, махаббат мелодрамаларын, қызықты комедиялық телехикаяларды ұсынып келеді. Ал жексенбі күндері заманауи үздік  туындылармен қоса алтын қордан алынған классикалық кинофильмдерді көре алады.  Мереке күндері тікелей эфир арқылы ойын-сауық шаралары мен концерттер көрсетіліп, көрермен көңілін аулайды.

Бүгінде «Алматы» телеарнасы қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге мән беріп, шешімін бірге табуға барын салуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *