«Алматы поштамтқа» жаңа басшы келдi

«Қазпошта» АҚ «Алматы поштамты» АФ директоры болып Бекжiгiт Бекбердиев тағайындалды. Бекжiгiт Лесұлы Бекбердиев – 1961 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Экономика ғылымдарының кандидаты. Ол өзiнiң еңбек жолын 1982 жылы ҚазКСР Қаржы министрлiгiнiң Шымкент облыстық қаржы басқармасының мемлекеттiк табыстар бөлiмiнiң аға инспекторы болудан бастаған.

1983 және 2004 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетiнiң оқытушысы, аға оқытушысы, қаржы кафедрасының доцентi болып қызмет атқарды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған. 2004 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi болып тағайындалды. Сонымен қатар аталған облыстың қаржы департаментi бастығының орынбасары болып та еңбек еттi. Пошта байланысы саласында 7 жыл қызмет атқарған уақытта ол «Қазпошта» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры, «Алматы поштамты» АФ директорының орынбасары болып еңбек еттi.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *