Алматы – Орта Азияның ең дамыған мегаполисі

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Осыдан  10 жыл бұрын адамзат тарихында  қала  тұрғындары  мен   ауыл  тұрғындарының  саны  теңесіп,  қала  тұрғындарының  саны артып  келеді. Содан  бері  әлеуметтік басымдық  қалаға ауысып  отыр.  Индустриализация  арқасында   қарқын  алған  урбанизация екпінін  енді  ешкім  тоқтата  алмасы  анық.  Бүгінде  үлкен  қалалар сандық  көрсеткіштерімен  қатар  сапалық  метаморфозаларды да  бастан  кешіп  отыр.   Қала  феноменін  зерттеушілердің  айтуынша, индустриализация  мен  урбанизация  үрдісіне жаңа  аяқ  басқан  елдерде  мегаполис  феномені айқын  басымдыққа  ие  болатын  көрінеді. Оны  Алматы  жағдайында  күнделікті  көріп  отырмыз.

Интеллектуалды көші-қон  факторлары зерттеуді қажет етеді

Қазіргі жаһандану кезеңі жоғары көші-қон белсенділігімен сипатталады. Бұл процеске зерттеушілер баса назар аударуда. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы   ғылыми жұмыстар халықаралық көші-қонға арналса, қазіргі заманда интеллектуалды көші-қон факторлары мен тетіктерін зерттеу қажет- тілігі туындап отыр.

Инфрақұрылымның, энергетика мен ауыл шаруашылығының негізгі секторларындағы  реформалардан  бастап,  білім беру, денсаулық сақтау  және  тұрғын  үйді  жақсарту, өңірлерді дамытуды қолдауға  дейінгі барлықреформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі алға жылжу  динамикасын көрсетіп  берді.

Қазақстан  Президенті   Қасым-Жомарт  Тоқаев өз Жолдауында  ішкі және сыртқы саяси реформалардың үйлесуі Қазақстанның қазіргі және таяу жылдардағы өсуі мен өркендеуіне негіз қалады.

Жақында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаламыздың  алдағы  25 жылда болатын даму болашағын болжаған «Каzакһstаn Сrоwth   Ғоrиm– 2019» форумында  қаланы дамытудың стратегиялық бағыттары жайында сөз қозғап,  кешенді іс-жоспарларымен  бөлісті.

– Алматы – еліміздің негізгі қақпасы ғана емес, ол – Оңтүстік Азия өңірінің  жаһандық интеграциясының басты драйвері, – деген қала  басшысы осы  жолдағы  басты  бағыттарды  айқындап  берді.  Алматы – өркениет  дамуының Жібек жолындағы  іскерлік  қаласы.  Алматыда ірі сауда-логистикалық хаб, жаңа Жібек жолының дәл  жүрек  тұсындағы коммуникация торабы  қалыптасқан.

«Біздің қаламыздың мақсаты мен стандарттарын дамыту – 5 млн. халқы бар метроөңірдің алғашқы жаһандық интеграторы және өңірлік хабына айналуға негізделген. Кез-келген заманауи мегаполис ретінде Алматы өмір сүруге жайлы, бизнес үшін перспективалы, коммуникация үшін қолайлы болуы тиіс. Мұнда қаланың дамуына үлес қосуға ынталы жанның «Алматылық арманы» орындалуы қажет», – деді қала  әкімі  Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінде  Еуропа  мен Азия  қалалары  арасында  ынтымақтастықты нығайтуға  басымдық  беріліп отыр. Бұл – өз кезегінде бәсекелестікті  дамытады. Мұның даму  бағытында  «Ақылды  қалалар» цифрлы  трансформациясын  бірлесе жүзеге  асыруға жол  ашылады. Бүгінгі  таңда Алматы  әлемдегі 50 ең  үздік инновациялық  жобалардың  үштігіне еніп  отыр. Мұндай  жүйе Алматы   қаласын  «ақылды дамуға»  бастайтыны  анық.  Еуропада  бұл жүйе 2011 жылы  бастау алса, Орта Азияда  ол алғашқы  болып  Алматы  қаласында  қолға  алынып отыр.  Осыған  орай,  Еуропа қалаларының ең  озық  тәжірибесін өзіне  қабылдаған қаламызда барлық қолайлы  жағдай  жасалған.Қауіпсіздік, логистика, денсаулық сақтау, білім беру стандарттарына негізделген «Ақылды қала» тұжырымдамасы  қолға  алынуда.

Технологиясы  дамыған «ақылды қалалардың» қатарында күні  кеше  бір  лагерде  бой  түзеген Эстонияның Таллин қаласы инновациялық жобаларды  жан-жақты  қолға  алынуымен ерекшеленеді. Эстония астанасының ең басты ерекшелігі – оның таза ауасында, экологиялық мәселелердің дұрыс шешімін тапқанында болып отыр. Ол үшін қаладағы көлік кептелісі мен ауаға лас қалдықтар шығаратын автокөліктерден құтылудың  жолға қойылғанынан  бастау алған.

Осыған  орай,  Алматы  қаласының  әкімдігі «Астана» ХҚО халықаралық инвесторлар апталығы  форматында бірлескен қаржы форумын өткізіп,   қордаланып қалған  көптеген  мәселелердің  шешімін  тапты.

Халықаралық қаржы орталығы аясында инвесторлар талабына жауап беретін   платформаның бірнеше  саласы бар. ТМД елдері арасында  біз жеке құқық қағидаттары мен нормаларына негізделген жеке коммерциялық, келісім-шарттық заңды қолданатын жалғыз елміз. Екінші бағыт  – реттегіш.

 

Алматы – Орта  Азияның  ең  дамыған  мегаполисі

Алматы – аймақтағы  ғана емес, әлемдік  ірі  қаржы  орталығы. Алматыда  Қазақстанның салық төлейтін ірікомпанияларының үштен бірі,  30-дан астам трансұлттық   компания, банктердің бас кеңселерінің 86%-ы, бірлескен кәсіпорындар мен ірі халықаралық  ұйымдардың 43%-ы   орналасқан.  Алматы – 36 миллиард доллар қуатты экономикасы бар ОрталықАзияныңеңдамығанмегаполисі.

Қала  әкімі  Бақытжан  Сағынтаев:  «Біз алдымызға жаһандық қала болу, өмір сүру сапасы әрі экономикалық мүмкіндіктері жағынан үздік 100 мегаполис қатарына ену сынды ұзақ  мерзімді міндет қойып отырмыз. Алматы – халқының саны қала маңындағы тұрғындарды қоса есептегенде қазірдің өзінде үш миллионға жақындап қалды, ал 2030 жылға қарай бес миллионға жетуі мүмкін», – деуі  біздің  болашақтағы   қала  өміріне  бей-жай  қарамауымызға  үндейді.

Әкім шет аймақтарды қала стандарттарына сай дамыту жөніндегі «Жаңа Алматы» үш жылдық жоспарын жүзеге асыру үшін 800 млрд. теңгеге жуық бюджет қаржысы мен жеке инвестиция қажет екенін, сол арқылы шаһардағы бастамалардың орындалуын  және алматылықтардың тұрмыс жағдайын жақсартуды  қамтамасыз ететін салық түсімін  арттыруға болатынын  баса  айтты.

Осыған  байланысты Алматы қаласы   әкімдігі «Астана»  ХҚО-да  тіркелген инвестициялық қормен ынтымақтастықты қалыптастыруды жолға  қойып отыр. Қазір  осы  жолда  үкіметпен  бизнес жүргізуде  әкімшілік кедергілерді азайту, тіркеу ресімдерін   жеңілдету   үшін   түрлі   іскерлік  шаралар пакеті қолға  алынуда.  Оның  нәтижесін  алда  көретін  боламыз.  «Алматының Индустриялық аймағында мемлекеттік    бюджет есебінен бірегей инфрақұрылым қалыптасқан. Сонымен қатар, «Инновациялықтехнологиялар паркі» АЭА-да салық  төлеу   және басқалары бойынша  жеңілдіктер қарастырылған.

Қала – толықтай  дерлік  жасанды  орта, осы  тұрғыдан  алғанда  ол – өркениет феномені.  Сондықтан қаладағы  өмір сүру  категориясы, яғни  адамдардың өмір  сүруіне, олардың  өзін-өзі  дамытуына  қолайлы  орта  жасалуы аса  маңызды  болмақ. Бұл  тұрғыда қалада  адам өміріне  қолайлы  жағдай  жасалуда.

Алматы  шаһарына  туристер  тарапынан  қызығушылық  жыл сайын  артып келеді. Соңғы  жылдары қаламызға  келген  туристер  саны 20 пайызға  артқан. Олардың категориясы да  артып отыр. Бүгінде  қаламызға туристер  Түркия,  Оңтүстік  Корея,  Германия, Қытай,  АҚШ  елдерінен  көптеп  келуде.

 

«Ақылды  қала» болу үшін  дамыған  елдердің тәжірибесі ескерілген

 

Алматыда қалалық туризмді дамытуға арналған   ірі  шаралар  қолға  алынған.   Ол  бойынша     мегаполистегі өзекті мәселелерді шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялық жетістіктерді көрсету    кешенді  түрде қолға  алынуда.

Алматы  қаласы – цифрлы және зияткерлік технологияларды енгізудегі жетекші күш. Еуропаның алдыңғы қатарлы қалаларын ең табысты тәжірибе-

сіне негізделген  «Ақылды Алматы» тұжырымдамасында білім беру,

денсаулық сақтау,  көлік  коммуналдық қызмет, инфрақұрылым   салаларында  жергілікті халықтың тұрмыс сапасына және келушілердің қаланы  жатырқамай  қабылдауына әсер ететін салаларға озық технологияларды енгізу қарастырылған. Адамзаттың болашағы қалалармен тығыз байланысты. Жаһандану – жаппай туризмдегі   кедергілерді жоюдың басты құралы. Туристерді көптеп тарту үшін қала жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс. Қазір осы бағытта  жан-жақты жұмыстар істелініп жатыр.

– Алматының «ақылды қала» болуы үшін көптеген ірі мегаполистердің даму жолын   ұстануына  басымдық  берілген.  Еуропадағы жаңа жылдық сауда өнімдерінің негізгі алаңы да біздің қалада. Яғни бізде өткен мен болашақтың байланысы бар. Тарихи кезеңдердің өзі бір-бірімен байланысып жатыр. Десе де бүгінгі заманның талабы мүлдем басқа форматта  дамуда. Классикалық дамудан ажырап, технологияның жетістіктеріне жүгінуге  болмайды. Бұл тұрғыда да біздің шаһар өз тәжірибесімен бөлісе алады. Осы ретте «ақылды қала» ұғымы тек технологиямен өлшенбейтінін айтқым келеді. Бұл – алдымен қала тұрғындарының жағдайын жасау, олардың ыңғайлы ортада өмір сүруіне басымдық беру. Технологиясыең жоғары деңгейде болып   бірақ ол адамдарға жайсыз болса «ақылды қала» идеясының мақсатыңа жетпегені дептүсінуіміз керек. Өмір сүруге жайлы ортақалыптастыру – қазіргі қоғамның заманауи экономикалық үлгісінің көрінісі. Сондықтан  әрбір азамат тұтыну, қарым-қатынас жасау мен өмір сүрудің жайлылығын жасауға  ұмтылады. Қоршаған ортаның жайлылығы, ең алдымен, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігімен байланысты. Мемлекеттік саясат адам өміріне қолайлы және мұқтаждықтардың орнынтолықтыруға бағытталған сайын қоғамсерпінді түрде дамиды. Көптеген сарапшылар   дұрыс айтады, жайлы орта қалыптастырғансайын біз экономиканы да тиімді басқара аламыз. Бұл үшін, Жолдауда айтылғандай, сапалы   әрі қолжетімді тұрғын үй, еліміздің аумақтықдамуына жаңа тәсілдер енгізу, құқық қорғауоргандарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізу, сот жүйесін одан әріжаңғырту маңызды.

Әлеуметтік жағдайда «екі Алматы» қалыптасуда. Біріншісі – жетілген, жайлы және қолайлы орталық бөлік, екіншісі  – артта қалған, жетілмеген шет аймақ.

«Менің позициям мынадай: мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жерлеріне қарамастан, алматылықтардың өмір сүруі үшін жоғары стандартты қамтамасыз ету. Мен қаламыздың «Шетсіз қала» болуын жақтаймын. Заманауи қалалар орталықтандырылған, әр ауданның өз тартымдылығы және өсу драйвері болады. Ірі мега-қалаларда кері процестер жүреді, яғни адамдар қала маңына қоныстана бастайды. Өйткені, оларда өмір сүру деңгейі жоғары», – деді  қала  әкімі шаһардың  даму перспективалары  туралы өз баяндамасында.

Қала әкімі 2020 жылдан бастап ШОБ-ке қаржылық қолдаукөрсету  көлемін 30 млрд.  теңгеге  дейін   арттыру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл – биылғыжылмен салыстырғанда үш есе көп.

Шаһар басшысының   айтуынша, қазір қаланың  барлық  кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар    әзірленуде. Электронды  базаның   көмегімен кез-келген  бизнесмен өзі   үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады.

Қазіргі кезде  ұзақ мерзімді перспективаға арналған  Алматыны дамытудың жаңа  стратегиясын жасау бойынша жұмыс  жүріп жатыр.

Қала – толықтай дерлік  жасанды орта.  Осы тұрғыдан  алып қарағанда,  қала – өркениет  феномені.  Ол коммуникация  құралдарының дамыған формалары сынды өркениет тұсында, яғни мәдениеттің өзін туындатқан  табиғи  ландшафтпен ғана  қанағаттанбай, өзіндік  қарым-қатынас орталығын жасақтағанда  дүниеге  келетін  құбылыс болғандықтан,  оның  бойында  кездесетін  кедергілерді  ысырып  тастау ең  маңызды  шара.  Қазір  қалада  осы  кедергілерді  болдырмаудың  барлық  шаралары  жасалуда. Мұндай  жағдайда  әрбір  қала  өз болашағын  өзінше  құра  алады.

Ғылыми-техникалық төңкеріс  әсерінен қарқын алған индустриализация ықпалы ірі  қалаларды  сапалық түр өзгерісіне  алып  келді. Бізде  осыны  қазір  басымыздан  кешірудеміз. Алайда,  біз ғылым-білім  қорына  бағыт алған  қала  орнатуға бел байлап  отырмыз.  Бұл – бізді, мәдениетті,  көркем  қала  салуға  итермелейді.

Жаңа Алматыны дамыту жоспарында   аудандарды  теңдестіру  дисбалансы сақталған,  екіншіден,  контраст  бар.   Адами капиталды дамытуға  барлық  қолайлы  жағдай  жасалған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *