Алматының жеті кереметі

317Сейсенбі күні Алматы қала­сы тарихы музейінде «Алма­тыммен мақтана­мын: Алматының жеті ке­ре­меті» атты көрме ашыл­ды.

Шањарымыздағы ең көрікті де сүйікті нысандар енді бір шаңырақ астында жиналды. Студенттер мен жастардың көзқарасы бойынша анықталған Алматының жеті кереметін енді мұражайдан табасыз.

Шет ел туристерінің назарына ілінген, қала қонақтары мен жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналған Медеу, Шымбұлақ, Метрополитен, «Есентай Тауэрс» ғимараты, Тұңғыш Президент паркі, Көктөбе және шаңғы трамплині кешені Алматы керемет­терінің жетеуін толықтырып тұр.

Аталған музей қорында қаланың ең әдемі орындарының он алты суретінің сақталғанына да біраз уақыт болған екен. Өткен жылы қалалық Жастар саясаты басқармасы Қала күніне орайластырып студенттер мен жастар арасында сауалнама жүргізген еді. Соның нәтижесі – аталған көрменің ашылуына түрткі болды.

Бүгінде музей қорында қала тарихына қатысты 20 мыңнан аса экспонат сақтаулы. Ал ең көне деген фотосурет өткен ғасырға, яғни, 1920 жылға тиесілі.

Заманауи қала мен ескі Алматыны көруге қызығушылық танытқан қала қонақтары мен тұрғындар үшін көрме наурыз айының 3-іне дейін ашық болатынын ескерткіміз келеді.

Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *