АЛМАТЫНЫҢ ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫ

Нұрлан СҮЙІН

Тәулік бойы қала тұрғындары мен қонақ­тарына қызмет көрсетеді.

Қыс маусымы келгелі, Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен мегапо­листің әр ауданында тегін мұз айдындары ашылды. Бірнеше жылдан бері үрдіске айналған бұл салауаттылық жобасы биыл да жалғасты.

Қыс маусымының бірінші күні Тұңғыш Президент саябағы мен Жібек жолы – Абылай хан көшелері қиылысында екі мұз айдыны ашылды. Мұз айдындарының көлемі 800 және 840 шаршы метр. Оған қоса, желтоқсан айында қосымша алты мұз айдынын ашу жоспарланған. Олар:

– Әуезов ауданындағы Жандосов көше­сі;

– Түрксіб ауданындағы «Март» СО аума­ғы;

– Бостандық ауданындағы «Вилла ле Фиори» кешені аумағы;

– Медеу ауданындағы «Спартак» стадио­ны;

– Алатау ауданындағы «Саялы» ықшам­ауданы;

– Наурызбай ауданындағы №174 гим­назия аумағында.

Мұз айдындары тек жаппай сырғанауға арналған. Барлығы да тәулік бойы, яғни 24 сағат жұмыс істейді. Конькиді жалға алу саға­тына 600 теңге. Мұз айдындарында жеңіл тамақтану орындары қарастырылған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *