Алматының төрт ауданындағы барлық көшелерге жарық жүргізілетін болады

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, Жаңа Алматының ықшамаудандарында көше жарығын орнату жұмыстары туралы нақты айтып берді.

Қалада өткен жылы жарықтандыру бойынша кең көлемді бағдарлама қолға алынды. Бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілген соң 2024 көшеде жарықтың жоқ екені анықталды. Сондықтан 2019 жылы бюджеттік қаржы қайта қаралды және осы бағдарламаны орындауға жұмсалды.

«Біз өткен жылы қаланың шет аймағындағы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарындағы 329 көшеге жарық жүргіздік. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында сыртқы жарықты орнату бойынша жұмыстар басталды. Қалаға осыдан бірнеше жыл бұрын қосылған ықшамаудандарға басымдық берілуде. Бүгінгі күні 157 көшеде жарық беру жұмыстары жүруде», — деп хабарлады Б. Сағынтаев және ол жарықтандыру қаншалықты жоғары болса жайлылық қана емес, қаланың қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің артатынын да атап өтті.

2020-2021 жылдар ішінде қаланың Алатау, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумақтарын 100 процент жарықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған.

Жалпы қаланың барлық аудандарындағы 2024 көшеге, оның ішінде Алатау ауданынындағы – 413, Алмалы ауданындағы – 84, Әуезов ауданындағы – 89, Бостандық ауданындағы – 155, Жетісу ауданындағы – 84, Медеу ауданындағы – 273, Наурызбай ауданындағы – 312, Түрксіб ауданындағы 614 көшеге жарық жүргізілетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *