Алматының шеткері аймақтарына 10 млрд. теңге бөлінді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфра­құрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Назар­баев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.

ҚР Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қала­лық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары І.Өсеров қаланы дамыту жобалары туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі мемлекет­тік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудан­дары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ірі қалалардың шет­кері аймақтарының мәселелерін жыл сайын шешуге 30 млрд. теңге, оның ішінде Алматы қаласының шеткері аймақтарына 10 млрд. теңге бөлінді.

«Агломерация тұрғындарының тұр­мыс сапасын жақсарту жөніндегі шара­ларды жүзеге асыру қала мен облыстың 730 мыңнан астам тұрғынын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А.Мамин.

ҚР Премьер-Министрі кеңес қорытындысы бойынша Қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қаласы  және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шара­ларды уақытылы жүзеге асыру­дың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысық­тауды тапсырды.

«Біз Алматы қаласы мен Алматы облысында бірлескен жобаларды іске асырудан синергетикалық нәтиже алуымыз керек. Ол үшін Алматы агломерациясын дамыту бағдарламасын әзірлеу керек», — деп А.Мамин, түрлі бағыттарда – энергетика, көлік, тұр­ғын үй, денсаулық сақтау салаларын дамытуда бірлескен жобалардың тізімі құрылғанын атап өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы қала мен облыстағы халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты дамудың өзекті мәселелерін шешіп, сол арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин бірлескен жоба­ларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

ҚР Үкіметінің басшысы «Урба­нистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы қаласы құрылысының жаңа жоба­сымен, қаланың құрылыс индустрия­сын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *