Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы тұруға дайын

Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіл­әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныс­тарына сәйкес коронавирус инфекциясының – асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.

Асқынған инфекциялық ауруды әкелуге және оның тарауына жол бермеу мақсатында санитарлық-профи­лактикалық шаралар күшейтілді. Айтар болсақ, әуежай мен теміржол вокзалдары арқылы туристік және миграциялық лек өтетіндіктен жолаушылар тексерілуде. Вирус тараған өңірлерден ұшып келген барлық рейстер ерекше бақылауға алынуда.

Инфекцияны әкелу мен таратуды ескерту бойынша эпи­демияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шара­ларды жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары жасалды. Алматы әуежайының санитарлық-карантиндік пунктімен бірге оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Мұндай сабақтар қаланың стационарларында да өтуде.

Қаланың медициналық ұйымдары мен медициналық қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдіктелген ауру­ларды қабылдауға дайын. Дәрі-дәрмектің қажетті қоры жет­кілікті, олардың ішінде парацетамол, ибупрофен, глюкоза ері­тіндісі, физоерітінділер, преднизолон, дексаметазон, гепарин, контрика, сонымен қатар антибактериалды және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық заттар бар. Қаланың медмекемелерінде 690 мыңнан астам, ал резервте 1,3 млн. бірреттік бетперделер бар. Қаланың дәріханалары дәрі­лермен және бетперделермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Қалалық инфекциялық ауруханада 20 төсектік бокс бөлімі және жансақтау бөлімі ашылған. Егер жағдай күрде­ленетін болса, онда №1 ҚКА қосымша 200 төсек, балалардың №2 ҚКА 20 төсек қосымша дайындалатын болады. Алматыда (727) 382-35-36, 382-33-50 телефондары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінде 1406 нөмірі бойынша «жедел желілер» ұйымдастырылған.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *