Алматының материалдық емес мәдени мұралары

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этнология институты және қала тарихы музейі Қазақстан Республикасының «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» Халық­аралық конвенцияға қосылуына байланысты «Алматының материалдық емес мәдени мұраларын сақтау» атты дөңгелек үстел өткізді. Халықаралық конвенция Қазақстан халқының материалдық емес мәдени құндылық­тарын қорғау мен халыққа танымал ету мақсатын­дағы жұмыстарды тиімді атқаруға негіз болды. Дөңге­лек үстелді Мәдениет басқармасы мәдени даму бөлімінің басшысы Әсем Ишмұхамедова ашып, тоғыз ғалым баяндама жасады.

Алматыда материалдық емес мәдени мұралар туралы жиын алғаш рет өткізіліп отырған­дықтан, дөңгелек үстелге қатысқан Ш.Уәлиха­нов атындағы Тарих және этнология институ­ты­ның ғалымдары, мәдениет саласы ғылыми-зерттеу институтының, қаладағы мәдени мекемелердің қызметкерлері бір тоқтамға келе алмай, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Материалдық емес мәдени мұралар деп айдар тағудың орнына «бейзаттық мәдени мұралар» деген жөн деушілер де болды. Түсінікті тілмен айтсақ, материалдық емес мәдени мұраларға – қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тән ән-күй, жыршылық өнер, ұлттық ойын түрлері, үйлену, қыз ұзату, бесікке салу, асық ойнау, аңшы­лық, бүркіт ұстау, өзге де ертеден халық тұрмысында қолданылған құндылықтарымызды жаңғырту жатады.

«Қымызмұрындық» мерекесін неге Алма­тыда өткізбеске?» деп ұсыныс айтқан Тарих және этнология институтының ғылыми қызмет­кері Ахмет Тоқтабайдың сөзі көңілге қонымды. Қала жағ­дайын ескере отырып, материалдық емес мәдени мұраларды жаңғыртудың алдағы кездегі іс-шараларын белгілеу мен өткізу тура­лы келі­сімге келген дөңгелек үстелге қатысу­шылар «Ма­те­риалдық емес мәдени мұраны қорғау» туралы Халықаралық конвенция талаптарына сәйкес қалада өткізілетін іс-шаралар жоспарын бекітті.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *