Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды

Қала әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің коммуналдық саласының жаңа басшыларын таныстырды. «Алматы Су»  қалалық кәсіпорнының бас дирек­тор­лығына  Ермек Үсенбаев тағайын­далды. Өз кезегінде Қуаныш Бейсенбинов  «Алма­ты жылу жүйесі» ЖШС-нің  басшысы  болды.

Бүгінгі тағайындауға  дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқар­масының басшысы болған еді. Ол әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары,  «Оңтүстік» және  «Алматы» ӘКК-лар басқармасы төраға­ла­рының  орынбасары қызметтерін атқарды.

«Алматы Су» біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына техноло­гиялық процестерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндет­тер қойылды.  Бұдан өзге, өндірісті модер­низациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты  азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.

Ал бүгінгі күнге дейін «Алматы Су» кәсіпорнын басқарып келген Қуаныш Бейсенбинов  «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нің бас директоры болып таға­йындалды. Ол әр жылдары Астананың Энергетика және коммуналдық шаруа­шылық басқармасының басшысы, Алма­ты қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді  атқарған.

Жаңа басшыға кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процестер мен қызмет көрсетуді цифрландыру міндеттері қойылды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

                                                                                        

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *