АЛМАТЫНЫҢ ЕСКІ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Қаланың ескі орталығына жаңа дем беру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары көктемге қарай басталады. Бұл туралы шаһар басшысы Б.Сағынтаев өзінің Инстаграм-парақшасына жазды.

Ол үшін  Байсейітова көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын, Абай атындағы мем­лекеттік академиялық опера және балет театры мен ҚБТУ маңындағы скверлерді безендіру бойынша ұтқыр шешім әзірлеуге конкурс жарияланбақ. – Бұл аймақты көпшіліктің сүйікті демалыс орны болатын­дай және музыкалық кештер, түрлі тақырып­тық көрмелер, көше көріністері мен көрсетілімдер өткізетін шығармашылық ортаға айналдырамыз. Әйгілі «Неделька» субұрқағын ретке келтіріп, жақын маңдағы ғимараттардың қасбеттерін жаңарту қажет, – делінген жазбада.

Сонымен қатар, үйлесімді ландшафтық дизайн ойластырылып, сол ансамбльге сәулеттік пішіндер, аркалар мен граф­фитиді енгізу жоспарда бар. Бұлардың барлығы қазіргі заманғы технологиялармен жарықтандырылады. Бұдан өзге, қала тұрғындарының тілектері ескеріліп, алма­тылықтардың және қала қонақ­тарының демалуы мен шығармашылығына жайлы қоғамдық кеңістік жасалады. Барлық жұмыстар жаз айына дейін болу үшін жұмыс көктемге қарай басталады. Бұл ретте Байсейітова көшесі мен соған жақын жатқан скверлерді қайта құрып, абаттан­дыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *