«АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ – 2019»

Осы жылдың 27 шілдесінде осындай айдармен, Көлік қызметкерлері күніне орай, Алматының  автокөлік мекемелеріндегі жүргізушілер арасындағы дәстүрлі  байқау өтеді.

Байқауды Алматы қаласы әкімдігі мен Қалалық мобильділік басқарма­сының  қолдауымен «Көлік маман­дарын квалификациялау орталығының» (толық ақпарат www.centerkst.kz сайтында) өкілдері ұйымдастырып отыр.

Мақсаты – қоғамдық көлік жүргізуші­сінің мәртебесін көтеріп, оны жастар арасында дәріптеу, сондай-ақ, шаһар жүргізушілерінің үздігін анықтап, оларды көпке үлгі ету.

«Алматының ең үздік автобус жүргі­зушісі – 2019» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде теориялық білім (жүргізушінің жол ережесін қаншалықты меңгер­гендігі; көлік үстінде орын алған төтенше жағдайда жолау­шыға алғашқы медициналық көмек көрсете білуі; кикілжіңдер орын алғанда өзін-өзі қалай ұстайтындығы; жолаушылармен мәде­ниетті түрде қарым-қатынас орната алуы) сарапқа салынады. Ал екінші кезеңде нақты жұмыс тәжірибесін көрсетуі тиіс. Яғни жүргізуші автобус тізгініне отырып, сонда берілген нақты тапсырмаларды орындайды.

Ең үздік деп танылған 3 жүргізушіні Қалалық мобиль­ділік басқармасы дайындаған бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

 

Байқауға қатысты өзіңізді қы­зық­­тыр­ған сауалдар болса, «Көлік маман­дарын квалификациялау орталығына», 8 (727) 220-61-01, 8-707-607-34-53 нөмірлеріне қоңы­рау шалуға немесе sentr­sertі­fіkat @gmaіl.com. электронды пошта­сына хабарлама қалдырсаңыз болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close