АЛМАТЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

25Нұрлан СҮЙІН

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек Алатау ауданын аралау барысында Индустриалдық аймақта болды, бірқатар жобалардың жүзеге асып жатқанын көрді. Жобалардың негізі 2016 жылдың аяғында іске қосылады.

Шаһар басшысына «Алматының азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы аясындағы жылыжай кешенінің құрылысы таныстырылды. Жылыжай кешенінің құрылысын «BRBAPK» ЖШС жүргізіп жатыр. Қыркүйек айында пайдалануға берілуге тиіс жылыжай кешенінде 150 жұмыс орны ашылады.

Алматылықтар жыл бойы көкөніспен қамтамасыз ететін кешенде мамандар жаңа технологиямен көкөніс­тің сан түрін өсіретін болады. Жылыжай кешені іске қосылған соң жылына 7200 тонна көкөніс­пен алматы­лықтарды қамтамасыз етеді. Жалпы 490 гектарды құрайтын аумаққа әртүрлі өндіріс орындары жайғасып жатыр. Аумаққа инженерлік жүйе салу үшін 20 млрд теңге бөлінген.

Оңтүстік астанада «Алматы-2020» Даму бағдарла­масы аясында ондаған жаңашыл жобалар жүзеге асуда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *