АЛМАТЫНЫ АРАЛАЙ БЕРГІМІЗ КЕЛЕДІ

«Биыл ғана өмірге нық қадам жасадық». Алматы сән және дизайн колледжінің студенті атанған жастар осылай дейді. Аталмыш оқу ордасында үзілмей келе жатқан тамаша бір үрдіс бар. Ол оқуға түскен жастарға Алматыны аралатып, таныстырып шығу. Алматыны аралауға асыққан жастарға колледж директоры Надежда Яковлева сәттілік тілеп, туған қаланы таныстыру дәстүрінің не үшін қажет екендігіне тоқталды. Рая ЕСКЕНДІР

 

– Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Елбасымыздың «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласы негізінде «Туған жер» бағдар­ламасы жаңғырып, әр өңірдегі қасиетті, киелі орындарға ерекше маңыз беріліп жатыр. Сон­дық­тан біз де Алматыдағы киелі саналатын қасиетті орындарға ар­найы барып, таныстырғалы тұрмыз, – деді.

Осынау салтанатты шараға арнайы келіп қатысқан қалалық Білім басқар­масы басшысының орынбасары Ләззат Әуес­ханқызы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» идеяларына негізделіп көтері­ліп жатқан әр өңірдегі қасиетті, киелі орындардағы тарихи жәдігерлерге ұрпақ назарын аудару — аға ұрпақтың міндеті болса, сол жәді­герлерді қорғап, көздің қарашығындай сақтау жас ұрпақтың міндеті екендігін баса айтып, шаһар басшысының бастамасымен жасалып жатқан қаланың өткені мен бүгінгі келбетіне тоқталды.

– Біз нені қастерлеп, нені сақтай білуіміз керек? Алматының келешегі үшін қандай үлес қосуымыз керек? – деп жастарға жалын бере сөйледі.

Осыдан кейін арнайы автобустарға мінген жастар Алматыны аралауға шықты. Медеу шатқалы, 28 панфи­ловшылар саябағы, Мәңгілік алау, Тәуелсіздік монументі – әрбір орын­ның өзіндік қасиеті, тарихы бар. Алма­тының 6 қасиетті орнын аралап, өз көз­дерімен көрген студенттер ерекше әсерде болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *