Almaty Nordіc Walkіng Fest

Маусым айында Алматыда «Скандинавиялық жүрістен» алғашқы фестиваль өтеді

Фестивальді даңқты қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырады.

 Нұрлан  СҮЙІН

Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл-күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым, қолжетімді және өте тиімді тәсілі, қазақстандықтар арасында сканди­навиялық жүрістің танымалдылығы жыл сайын өсіп келеді. Скандинавиялық жүріс бойынша жарыстарға барлық жастағы барлық белсенді халық тікелей қатыса алады, өйткені жүгіруге қарағанда барлығы өз ырғағында жүре алады!

Almaty Nordіc Walkіng Fest бірінші фестивалі 2019 жылғы 2 маусымда, Алматы қаласында «Атакент» көрмелік кешені алаңында өтеді. Біздің елде өткізілетін басқа спорттық іс-шараларға қарағанда, скандинавиялық жүріс бойынша фести­вальде спорттық қашықтықтың әрбір қатысушысы мен корпоративтік коман­далары үшін уақыт белгіленетін болады, ал қозғалыстың дұрыстығы мен көркемділігін кәсіпқой қазылар қадағалайтын болады. Мүмкіндіктері шектелген қатысушылар үшін жеке есебі жасалған, олар тіркеулік жарнасын төлеуден босатылған. Ұйым­дастырушылар жарыстарға корпоративтік қатысудың танымалдылығына үлкен үміт артып отыр, бұл компаниялар мен ұйым­дар­ға қашықтықтан жарқын брендті спорттық киімінде өтіп, өздерінің компа­ниялары мен брендтерінің атауларын таныту, сонымен қатар ауызбірлікті және корпоративтік рухты нығайту мүмкіндігін береді.

Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен жүлделер тапсырылады, ал жеңімпаздар – естелік медальдарға ие болады. Қатысушыларды онлайн-тіркеу фестиваль сайтында белсенді жүргізіліп жатыр. www.nordіcwalkіngfest.kz.

– Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін, барлық жастағы адамдар үшін фитнестің әсем түрі. Біз, барлық қатысушылар үшін уақытты есептеумен және тәжірибелі және бастаушы «нор­диктер» үшін қашықтықтары белгіленген алғашқы жеке жарысты ойластырдық. Almaty Nordіc Fest белсенді қазақстан­дықтардың жүрегін жаулап алады деген үміттемін, – дейді Қор директоры, Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.

Скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordіc Walkіng Fest фестивалі Алматы қаласының 2019 жылдағы спорт­тық оқиғаларының ресми күнтізбесіне енгізілді. Елена Хрусталеваның Олимпиа­далық қорының жоспарында скандина­виялық жүріс бойынша фестивальді Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында өткізу, сонымен қатар географияны көршілес елдерге – Өзбекстан және Қырғызстанға кеңейту бар. Барлық іс-шараларды жыл сайын өткізу де жоспарланып отыр.

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мұндай бұқаралық спорт іс-шараларының ұлт денсаулығын қалыптастырудағы маңызды зор екенін атап өтті.

– Алматы қаласы бүкіл Орталық Азияның бұқаралық спорттық жарыстарын өткізудің астанасына айналуда. Бұл іс-шаралар қала тұрғын­дарының хал-жағ­дайына, сол сияқты қаланың экономи­касына позитивті әсер етуде. Скандина­виялық жүріс үшін Алматыда барлық жағдайлары бар – қалада белсенді дем­алуға арналған марш­рут­тар мен аймақ­тардың желісі тұрақ­ты кеңеюде. Біз, Сканди­навиялық жүріс фестивалінің тұрақты және алматылықтар мен қала қонақ­тарында өте танымал болаты­ны­на үміттіміз, –деді Рүстем Байсейітов.

Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қорымен ұйымдастырылған іс-шараны ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, сонымен қатар бірқатар ірі халықаралық компа­ниялар қолдады.

– Елена Хрусталеваның Олимпиадалық Қорын біз даңқты қазақстандық альпи­нисші Мақсұт Жұмаевпен және фрис­тайлдан әлем чемпионы Юлия Галыше­вамен бірлесіп, спортшы жастарды қолдау, халықаралық жарыстардың қарсаңында қажетті жаттығулар мен жарыстық тәжірибені қамтамасыз ету мақсатымен, сонымен қатар халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша іс-шараларды өткізу үшін құрдық, – деді Елена Хрусталева.

Фестивальді өткізу бойынша серіктес Максим Прощенко басқаратын еліміздегі алғашқы «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебі болды. Мектеп мамандары кәсіп­қой қазылықты ұйымдастыруға, жарыстың әрбір қатысушысымен қашықтықтан өту уақытын өлшеуге, трассаларды бөлуге жұмылдырылатын болады, сонымен қатар скандинавиялық жүріс бойынша фести­вальдің болашақ қатысушыларымен бір­қатар шеберлік сабақтары мен жаттығулар өткізетін болады. Скандинавиялық жүріс бойынша фестивальдағы хронометраж көп жылдар бойы Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі ірі спорттық іс-шаралар өткізіп келетін «Экстремалды атлетика» ком­паниясымен қамтамасыз етіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *