АЛМАТЫ ӘНГЕ АРҚАУ БОЛДЫ

Жетiсу ауданындағы «Көк­жиек» ықшамауданында орналас­қан №177 жалпы бiлiм беретiн бiлiм ордасында «Ару қала – Алматы» атты iс-шара болып өттi.

Мерекелiк iс-шараны ашқан мек­тептiң директоры Тұрсын Таңа­тов ықшамауданның тұрғын­дарын, мектеп ұстаздары мен оқу­шыларын Алматының мың жыл­дық тарихымен таныстырып, Қала күнi мерекесiн жыл сайын атап өту дәстүрге айнал­ғанын айтып өттi. Оқушылар Қала күнiне бай­ланысты айтылған мағы­налы да мәндi сөздерге, ақпараттарға қа­нық болды. Қастеев мұра­жайынан жас суретшiлер мектепке өз туын­дыларын тарту етсе, Оқушылар сарайынан келген талантты, өнер­лi оқушылар Алматы туралы ән шырқап, мың бұрала би билеп бердi. Осы айтылған iс-шараға мектебi­мiздiң оқушылары да өздерiнiң өнерлерiмен қуанышты көңiл күй сыйлады. Атап айтар болсақ, Айнұр Әбен, Асыл Серiк­жанова, Әсем Сүйiн, Дана Бижi­гiт, Самғат Шәрiп­жан сынды жез­таңдай әншi ұл-қыз­дарымыз Ал­ма­ты туралы ән шыр­қады. Оқу­шылар сарайынан келген жас су­ретшiлер мен Қастеев мұра­жа­йы­ның қонақтары мектеп оқушыла­рымен бiрiге отырып, «Бiз бақытты баламыз» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Мереке соңында мектебiмiздiң «Назқо­ңыр» тобы өздерiнiң төгiлте орын­даған күйлерiмен кештi аяқтады.

Әдемi де, әсерлi өткен iс-ша­раға «Көкжиек» ықшамауда­нының тұр­ғын­дары разы болды. Осындай игi шаралардың баста­масы болған бұл мерекенiң әрi қарай жалғасын тапса деп мектеп ұжымына рахмет айтып, сәттiлiк тiледi.

Гүлназ ТЕЛҒАЗИЕВА,

директордың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *