АЛМАТЫ МЕТРОСЫ: «ШАРТТЫ» ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫН ЖОЮ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Бұл  оқу-жаттығуға ӘАҚҚ қызметінің жеке құрамы (Әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі), көлік қауіпсіздігі қызметінің, қозғалыс қызметінің, электрмеханикалық құрылғылар қызметінің, жол және тоннель құрылысы қызметінің, электрдепосының, Метрополитендегі ІІБ-ның өкілдері  және т.б.  қатысты.

 Оқу-жаттығудың негізгі міндеттерінің бірі – Метрополитен мекемесі қызметкерлерінің жер сілкінісі және зардап шеккендерді құтқару кезінде азаматтық қорғаныс  іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру.

Барлық іс-шара шартты түрде үш кезеңге бөлінді:

  1. Электр пойызы жүргізушісінің, пойыз диспетчерінің, электрмен жабдықтау және электрмеханикалық құрылғылар қызметтерінің диспетчерлерінің іс-қимылдарын пысықтау;
  2. ТЖ кезінде кезекші ауысым қызметкерлерінің зардап шеккендерді қабылдау кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау;
  3. Апаттарды жою жөніндегі Штабтың ӘАҚҚ-мен, сондай-ақ, Алматы қаласы ІІД-мен және тағы басқа да мекемелермен өзара іс-қимылын пысықтау.

«Оқу-жаттығу  шаралары  азаматтық қорғаныс жүйесінің  табиғи апаттар мен техногендік апаттар кезінде халықты және аумақты қорғау бойынша алға қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігін көрсетті. Техникалық жабдықталуы бойынша Алматының жерасты жүйесі  әлемнің метрополитендері арасында алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады, бірақ кез-келген трагедия қауіпті. Сондықтан Метроның  қауіпсіздік қызметі ай сайын бұл бағытта жоспар­лы тексеру жүргізеді.  Метрополитендегі оқу-жаттығулар тоқ­сан сайын өткізіледі, сондай-ақ, қаланың құтқару қызмет­терімен бірлескен оқу-жаттығулар жылына 2 рет өткізіледі».

 

«Метрополитен»  КМК баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close