Алматы метросында тегін Wі-Fі іске қосылды

Ендігі жерде алматылықтар метрода жүргенде тегін Wі-Fі қызметін пайдалана алатын болды. Мысалы, жақында  Алматы метрополитенінің «Жібек жолы» стансасында тегін қызмет көрсететін Wі-Fі пайда болды.

Жалпы, қазіргі таңда заман талабына сай халықтың заманауи өмір сүру үрдісі жылдам өзгеріп келеді. Осы ретте тұр­ғын­дардың кез-келген жерде жоғары жылдам­дықты мобильді интернетті қажет ететіні жасырын емес. Осыған орай, қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орын­дарын интернетпен жабдықтап, қолжетім­ділігін арттыру жұмыстарын қолға алды.

Осы орайда, биылғы алдымыздағы жартыжылдықта метрополитеннің қалған сегіз стансасының барлығында да осы жоба іске асатын болады. Сонымен қатар, олар Facebook әлеуметтік желісінің жеке «қоғамдық көлік» парақшасына қосылатын болады.

Дайындаған – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *