Алматы метросы мүгедек жанға да қолайлы болмақ

Алматыда алдағы уақыттардың еншісіндегі жаңа метрополитен бекеттерінің жобасында өздігінен жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы да ескерілетін болады. Бұл туралы бізге қалалық Мобильділік басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Мәселен, «Сарыарқа» мен «Достық» бекеттері лифтімен, жуынатын, әжетхана бөлмелерімен (санузел), жоғары қарай көтерілетін құрылғылармен қамтамасыз етіліп, тактильді навигация, түрлі қауіпсіз­дік ережелерін көрсетіп тұратын белгілер орнатылмақ. Мұндай инфрақұрылым метро платформасына кіретін жол уақытын орта есеппен екі есеге дейін қысқартпақ.

«Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда қоларбада отырған жолаушыға көтергіш құралды пайдалану үшін метрополитен қызметкерін шақыруына тура келеді. Ал жаңа бекеттерге орнатылатын жеделсатылар мен кіріктірілген көтергіштер өз бетінше жүріп-тұруы қиын жандарды ешкімнің көмегінсіз-ақ метро платформасына жеткізіп салады. Бұл құрылғылардың сапасы және қолайлылығы халықаралық талаптарға сай болатыны анық», – дейді «Метрополитен» директоры Ербол Әбілдинов.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *