АЛМАТЫ МЕН САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫН» ӘЗІРЛЕЙДІ

Кеше Санкт-Петербург үкіметінің мүшесі, ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын іске асыру комитетінің төрағасы Олег Капитанов бастаған ресейлік делегация мәдени-іскерлік миссиямен Алматыға келді. 

Делегацияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі қабылдады. Олар өзара екі қала арасындағы қатынас­тарды дамытудың болашағын талқылады. Тараптар денсаулық сақтау, білім беру, туризм, мәдениет, шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеуге келісті.

Бұдан бөлек, ресейлік делегация «Алматы – Санкт-Петербург: жаңа мүмкін­діктер аумағы» конференциясына да қатысты.

Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол Алматы мен Санкт-Петербург арасындағы мәдени байланыстардың дамуына бұл шараның оң әсер ететіндігін атап өтті.

–       Қазақстан мен Ресейді мәңгілік достық пен бауырмалдықтың келісімшарты бойынша ежелгі тарихи айрықша байла­ныс біріктіреді. Мен біздің өзара қарым-қатынасымызды халықаралық қатынас­тардың үздік үлгісі ретінде бағалауға болады деп ойлаймын. Алматы мен Санкт-Петербург көршілік қарым-қатынасты нығайтуда үлкен рөл атқарады. Біздің екі қаламыз тарихи тұрғыда біріне-бірі ұқсас және шын мәнінде өз елдерінің мәдени және іскерлік орталықтары болып саналады. Айтар болсақ, Алматы мен Санкт-Петербург арасындағы бауырмал­дық қатынасқа 20 жылдан астам уақыт өтті. Біз бүгін ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға жаңа серпін беретін боламыз, – деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өзінің құттықтау сөзінде.

Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров Е.Бабақұ­маровтың сөздерімен келісетіндігін айтып, Қазақстан мен Ресей бірлескен жұмысты одан әрі жандандырулары тиіс деп толықтырды.

–       Біздің екі мемлекетіміз тек страте­гиялық одақтастар ғана емес, сонымен бірге тең құқылы серіктес екендігін айтқым келеді. Бізде өте бай бірлескен тарихымыз бар. Біздің міндетіміз – аталарымыздан және әкелерімізден қалған құндылық­тардың барлығын сақтау ғана емес, оны көбейтіп, қарым-қатынасымызды одан ары жақсарта түсуіміз керек, – деді Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы Евгений Бобров.

Оның айтуынша, Алматы мен Санкт-Петербургтің ұқсастықтары көп, Ресей мен Алматы арасындағы ынтымақтастық өте жақын. 2018 жылы Ресей мен Алматы арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд. долларды құраған.

Санкт-Петербург үкіметінің мүшесі, ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын іске асыру комитетінің төрағасы Олег Капитанов Алматы мен Санкт-Петербург бірдей тұғырлы алаңда тұрғанын атап өтті.

–       Біздің делегацияның құрамында мәдени қауымдастық пен білімнің өкілдері, бизнесмендер бар. Бүгінгі күні Алматыға Санкт-Петербургтың ең озық компания­лары келді, миссия тек мәдени-танымдық сипатқа ғана емес, сонымен қатар бизнес­те, білім мен гуманитарлық жобаларда ұзақ мерзімді әрі екі жаққа да пайдалы шынайы практикалық байланыстарды орнату, – деп атап өтті О.Капитанов.

Шара кезінде Санкт-Петербург туралы әдебиеттерді Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына салтанатты түрде тапсыру және «Квинтет Четырех» музыка­лық ұжымы және Мариинск театрының солисі Леонид Захожаевтың мерекелік концерті өтті.

Мәдени және іскерлік кездесу бары­сында делегация мүшелері 28 гвардияшыл -панфиловшылар саябағына және Ленин­град стелласы мен Даңқ мемориа­лына гүл шоқтарын қойды. Вознесенск кафедралды шіркеуі мен бірқатар басқа да мәдени нысандарды аралады.

Делегаттар «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курор­ты, қаладағы музейлер мен оқу орындарын аралайды. Сонымен қатар, Санкт-Петер­бург делегациясының басшысы О.Капи­танов пен Алматыда тұратын Ленинград блокадасы­ның ардагерлерімен кездесу болады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *