АЛМАТЫ МЕН РЕНН — БАУЫРЛАС ҚАЛАЛАР

Елбасымыздың салиқалы саяса­ты­ның арқасында білім саласында жағым­ды жаңалықтар көбейіп, қазіргі таңда оңтайлы жүзеге асырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлы­лығы» жобасын кезең-кезеңмен іске асыру тапсырылған болатын. Осы жоба­ның аясында мектеп бағдар­лама­сына бірінші сыныптан бас­тап ағылшын тілі, бастауыш сы­ныптарға неміс, фран­цуз тілдері енгізілген.

Тілдерді меңгеру саясатында көрші мемлекеттермен дипло­матиялық және мәдени қарым-қатынас барынша даму үстінде. Біздің білім ордамыз білім беру жүйесіндегі болып жатқан жаңалық­тардан қалыс қалмай келеді. Биылғы жылы Қазақстан мен Франция қарым қатынасына 25 жыл толды. Осыған орай, мектебіміздің 10-сынып оқушылары Құрбанжан Нигара мен Бектенова Әлия «Қазақстан мен Франция арасындағы тарихи мәдени мұралардың байланы­сының рөлі» тақырыбында қалалық сайыста ғылыми жобадан 3-орынды иеленді. Ғылыми жоба жетекшісі француз тілінің мұғалімі А.Қасым­бекова. Жобада екі елдің жан-жақты байланысын зерттеп, соның ішінде Алматы мен Ренн қаласының мәдени тарихи байланысына кеңінен тоқталған. 2016 жылдың 14-қазанында Ренн қаласының орталығына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылған. Ашылу салтана­тынан соң еліміздің «Сазген сазы» атты фольклорлық ансамблі қазақтың дәстүр­лі әндерінен ашық аспан астында кон­церт өткізді. Екі елдің арасындағы мәдени байланыс қазіргі таңда нығаю үстінде. ХІХ ғасырда француз сәулетшісі Поль Гурде Алматы қаласының көр­кеюіне, бірқатар құрылыс ғимарат­тарының бой көтеруіне зор үлес қосып, тарихта маңызды ізі қалса, қазіргі таңда Қазақстандағы осындай ғимаратта  «Сар­бонна» университеті орналасқан. Алматы мен Ренн қалалары экономи­калық даму жағынан бір-біріне ұқсас.

2018 жылдың басында біздің білім ошағымызға Франциядағы Мұстафа Шоқай атындағы қордың президенті жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, Франциядан әкелінген арнайы оқулықтар мен сыйлықтар үлестіріп, оқушыларға екі елдің арасындағы байла­ныс жөнінде біршама мәліметтерін, ақпараттарын берді.

Бұл біздің мектептің жеткен жетіс­тік­терінің бір үзіндісі ғана. Мектеп ішін­дегі игі істердің атқарылуында мектеп жанындағы Әуежай мекемесі демеушілік етіп отырады. Әр мереке­лерде оқушы­ларға сый-сияпаттар үлесті­ріп, аз қамтыл­ған отбасылардың бала­ларына материалдық көмек береді. Биылғы оқу жылында мектебіміздің ауласына ас­фальт төсеп, қомақты жәр­дем берді. Әуежай басшылығына мектеп ұжымы­ның атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Жансая ӘБДІРАМАНОВА,

№ 44 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *