Алматы мен Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін

 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Әзербайжан Республикасы Прези­дентінің көмекшісі Али Гасановпен кез­десіп, сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Екіжақты байланысты нығайту мақ­сатында әзербайжандық тарап Алматы мен Гянджаны бауырлас қалаларға айналдыруды, сонымен қатар, мегапо­листе Әзербайжанның сауда үйін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесуде Али Гасанов қала басшы­лығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әзербай­жан тари­хы мен мәдениетінің орталығын ашуға қолдау білдіргендігі үшін алғыс білдірді.

–       Мен бұл істің өзара бірлігімізді нығайтуға және ғылыми құндылықтарды алмасуға оң ықпал ететініне сенімдімін. Біз Әзербайжан Демократиялық Респуб­ли­касының 100 жылдығы мен жалпы­ұлттық жетекшіміз Гейдар Алиевтің туға­нына 95 жыл толуына орай бірнеше кон­ференциялар өткізіп үлгердік. Сондықтан орталықтың ашылуы екі ел арасындағы достық пен бауырмалдықтың кепілі болып табылады, – деді  А.Гасанов.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close