АЛМАТЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ІT-СЫНЫПТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алдағы оқу жылынан бастап Алматы қаласының мектептерінде, техникалық, әдістемелік заттармен қамтамасыз етілген ІT-сыныптар енгізілетін болады. Қазіргі таңда жобаның электрондық платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының ІT-кеңесі барысында Алматы қаласы білім басқармасына қарасты «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры Андрей Дупик хабарлады.

«Бұл жалпы білім беретін мектептер базасында орналасқан факультативті қосымша сабақ ретінде болады. Біз бүгінгі таңда ең сұранысқа ие бағыттарды қамти­тын боламыз, яғни бұл – мобильді қосым­шаларды, веб-сайттарды, ойындарды, 3D моделдеуді, робототехниканы құру. Осы аталғандардың барлығын біз бір жерде, әрбір оқушы мен мұғалім қол жеткізе ала­тын электронды платформада жинай­мыз. Мысалы, ол бағдарламаға кіріп, сол жерден белгілі бір тақырыпты таңдайды, сол тақы­рып аясында бейнесабақтар, контенттер, тестілеу болады. Мұғалімдер сабақта отырып бәрін өзгерте алады, ал оқушылар үйден өзгертеді», – деді Андрей Дупик.

Аталған жоба бастапқы кезеңде Алма­тының 102 мектебін немесе мегаполис мек­тептерінің жалпы санының елу пайызын қамтитын болады.

Жоба Қазақстанды жалпы цифрлан­дыру аясында іске асырылуда және ІT-оқыту үдерісіне тартылған балалар санын арттыруға бағытталған.

ІT-кеңес 2018 жылы Алматы қаласы­ның Кәсіпкерлер палатасы базасында құ­рылды. Кеңестің құрамына қаланың ірі инно­вациялық компаниялары кіреді, олардың мақсаты — саланы дамыту, бизнесті, қаланы цифрландыру және автоматтан­дыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *