АЛМАТЫ МҰРАЖАЙЫ АЙМАҚТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН ПАШ ЕТЕДІ

dsc_2632

Балнұр АХМЕТ

Оңтүстік астанадағы Алматының жаңа мұражайы қала­ның орталық бөлігінде орналасқан. Мұражай ғимаратының өзі тарихи мұрамыз болып табылады, ол  1892 жылы фран­цуз архитекторы Поль Гурдэнің жобасы бойынша салын­ған. Бұрнағы күні өткен мұражайдың ашылу салтанатына қала басшылығы, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты.  

dsc_2622

– Бұл баршамыз үшін маңызды оқиға болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алматы – Тәуелсіз­дігіміздің алтын бесігі, еліміздің мәдени, ғылыми және туристік орталығы. Жаңа мұражай жас ұрпақты тәрбие­леуде маңызды рөл атқарады. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған Алматы мұражайы жастардың әртүрлі бағытта жан-жақты ақпарат алуына септігін тигізеді. Шырайлы шаһарымыздың тағылымды тарихының шежіресін шертетін бұл мұражай алматылықтар мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналады деп үміттенемін, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Алматының жаңа мұражайы Жетісу аймағының тарихи-мәдени мұрасын паш ететін ірі ғылыми, мәдени орталыққа айналады. Мұражай қорында 40 мыңға жуық жәдігер бар. Олардың арасында бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының бірегей жинақтары, әртүрлі дәуірдің тұрмыстық заттарының топтамасы бар. Мұражай  экспозициясы «Алматының ежелгі тарихы», «Алма­тының ортағасырлық тарихы», «Қазақ мемлекеттілі­гінің бастауларында», «Жетісу этнографиясы», «Алматы тарихының верныйлық дәуірі», «ХХ ғасырдағы Алматы», «Мәдениет пен өнердің дамуы», «Альпинизм тарихы», «Жел­тоқсан», «Алматы және Елбасы», «Бейбітшілік пен келісім моделі» атты 11 залдан тұрады. Көрермендер мульти­медиялық технологиялардың көмегімен алып шаһардың көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихымен таныса алады.

Алматы мұражайының мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 132. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *