Алматылық зиялы қауым өкілдері босаңсымауға шақырды: маска тағуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру қажет

Жазушы және кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай алматылықтарды енгізілген жеңілдетулерге қарамастан, санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруға және жақын жандарға қамқор болуға шақырды.

«Алматы қаласы, бүкіл Қазақстан бойынша да жалпы он шақты күннен бері күніне шамаменен індеттің жұғуы кеміп келе жатыр. Бұл жағдай еңсемізді көтеріп, үмітімізге үміт жалғап келе жатыр. Індеттің таралуы құрықталып келе жатыр деген сөз ғой бұл. Осы бағытта Үкімет, әкімдіктер, дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды, ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізілді. Індетті біржолға құрықтауға аз уақыт қалды деп ойлаймын. Сондықтанда алматылықтарды осы індетті біржолға жеңуге азғантай уақыт қалғанда босаңсымауға шақырамын. Ең бастысы — босаңсымау керек!» — деген Смағұл Елубай өзге де сақтық шараларын ұстану керектігін, көпшілік жиналатын орындарға бармау керектігін айтты. Бұл шаралар жақын адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *