АЛМАТЫЛЫҚ ЖҮЙЕ ТМД-да ҮЛГІ

«Open Almaty» жобасы халықаралық үздік қалалық тәжірибе 

байқауында жүлделі орынды иеленді

1-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be

Нұрлан СҮЙІН

Халықаралық деңгейде тұрғындарға қолайлы да жайлы мегаполистер қатарына ұмтылған Алматының тәжірибесі қалалық­тардың көз алдында оң нәтижелер беруде.  Соңғы бірнеше жылда қызмет көрсетудің барлық саласы «бір терезе» бойынша, элек­тронды жүйеге толық көшірілген. Мега­полис басшылығы бұқарамен байланыста ашықтық қағидасын қалыптастырған. «Open Almaty» жобасы да осы бағыттағы қабыл­данған бағдарламалардың бірі.

«Open Almaty» жобасы жергілікті  органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жағдайларда дереу көмек беруге бағытталған және жақында ол ТМД  мен ЕАЭО қалалары  арасында өтетін практи­калық Х халықаралық «Өмір сүруге бола­тын қала—2017» байқауында жүлде­лі диплом­ды иеленді.

Конкурстың басты мақсаты –  қалалар­дың, өңірдің және елдің  тұрақты әлеу­меттік-экономикалық дамуына жинақ­талған тәжірбиенің оң ықпал ететінін көрсету.

Конкурстық комиссияның қарауына  20 тәжірибе түскен, байқаудың басты  критерийі сапа, нәтиже, әлеуметтік- экономикалық ықпал, оң тәжірибені басқа қалаларға тарату болды.

«Open Almaty» жобасымен қатар, Қазан қаласының «Ашық мәліметтер», Санкт-Петербург қаласының  инвесторларға арналған «Бірыңғай терезе» Дондағы Ростов қаласының электронды экскур­совод жобалары жүлдеге ие болды.

Конкурс қорытындысы бойынша, дип­ломмен марапатталған жобалар жалпы­қалалық проблемаларды шешудің үздік шешімдері, қажетті  нормативті-құқықтық құжаттармен басқа да материлдар бар «Қалалық тәжірибелердің  кітапханасы» базасына енді.

%d0%b4%d0%b8%d0%bf%d0%bb%d0%be%d0%bc_%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b

«Open Almaty»  қоғамдық қабылдауы – Алматы әкімдігінің  мемлекеттік орган­дардың тиімділігін арттырудың, ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ететін ма­ңызды жобасы. Мұнда келген әр  адам өз мәселесі бойынша толық кеңес алады, әкім­діктің, қала басқармаларының, про­куратура мен полицияның, кірістер депар­таментінің атына өтінішін тастайды.

«Open Almaty»  порталы арқылы өмірлік қажет  жағдайлардың  түрлі шешімдер алгоритмімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, қаланың қызмет көрсету органдарының жол, арық, жылу жүйесін, аулаларды және басқаларын жөндеу туралы жұмыс жоспарларын білуге болады.

Айта кетерлігі, бұрындары «Smart Almaty»  Словенияда өткен «Любляна Форум–2017» байқауында  Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында «Қала болашағы»  номинациясы бойынша екінші орынды иеленген еді.

Жалпы, «Ақылды қала» қағидасы негізінде  Алматы  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Алматы–2020» қалалық бағдарлама бойынша дамуда. Жоба мегаполистің өмірлік  әр саласын қамтып, қалалықтардың   тұрмыс деңгейін арттыруға, жаңа қызметтерді енгізуге, ТҮКШ инфрақұрылымының шығындарын қысқартуға  ықпал етеді.

Бүгінгі күні  бизнеске қажет мәліметтер қолжетімді. Алматының БасЖоспары порталында «қызыл жиектер»  сызбасы мен инженерлік желілер қуаттары жарияланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *