АЛМАТЫЛЫҚТАР «НҰРСҰЛТАН» ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Астананың 20 жылдығына орай «Спорттық Алматы» бағдар­ла­масы аясында 2 А катего­риялық  қиын­дықта дәстүрлі «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті. 12 жастан асқан 5000-нан аса  қаты­сушы 4376 метр биік­тікті бағындыруға ниет­тенге­німен, тек 200-ден астамы ғана шыңға шықты. Қатысушы­лардың ара­сында өзге мемлекет­тен келген қонақтар, сондай-ақ Алма­ты қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасы басшы­сы Әбіл Дөңбаев  болды.

Альпиниада басталған соң артынша «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында скайраннинг спортынан бірнеше жас айыр­машылық бойынша Қазақстан чем­пионаты өткізілді. 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынап көруге тырысты. Солардың бірі, жүлделі орын алған Рауан Абулханов өз ойымен бөлісті.

– Дайындық тауда емес, қалада өтті. Өзім осы жарысқа жиі қатысамын. Маған жүгірген өте  ұнайды. Бүгін  өз жасым бойынша бірінші, ал «абсолют­те» үшінші орын алдым. Уақытым 1 сағат 53 минут, – деді әскери институ­т сержанты Рауан Абулханов.

Барлық жүлдегерлер мен жеңім­паздар медальдармен, ал альпиниада қатысу­шылары  сертификатпен  мара­пат­талды.

Альпиниаданың ашылу салтана­тында даңқты альпинист Мақсұт Жұмаев қонақ­тарды Астана күнімен құттықтап, альпи­низм­мен айналысуға кеңес  берді. Артынша бұл  мереке  әншілердің өнерлерімен  жалғасты.

Айта кетер жәйт, «Шымбұлақ – Нұр­сұлтан шыңы» альпиниадасы сала­уатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын  өткізіледі.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *