Алматылықтар Ә. Кекілбаевтың музейіне ерекше фотоальбомды сыйға тартты

Ақтауда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, көрнекі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Жазушының мерейлі жасына арналған алқалы шараның алғашқы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәдени орталық ашылды, мұнда оған ескерткіш орнатылған және музей ұйымдастырылған. Мұражайға жазушының жеке заттары мен кітаптары қойылған.Келер жылы дәл осы жерге театр мен кітапхана салу жоспарланған. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Алматы делегациясы да қатысты. Ашылу құрметіне орай Алматы делегациясы музейге жазушының архивтік фотосуреттері бар ерекше фотоальбомды, қаланың ең басты мәдени көрнекі орны бейнеленген картинаны сыйға тартты.

«Әбіш Кекілбаев – өз халқының лайықты ұлы. Ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін таусылмайтын рухани мұра қалдырды», — деп атап өтті Ұ. Есдәулет. Халықаралық алғашқы «Abish Alemi» театры фестивалі екінші күн көрерменді қуантуда. Ол бірнеше күнге созылады. Сахна төрінде әр елдің ұжымдары өнер көрсетеді. Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры көрермендерге Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың соңы» және «Күй» шығармалары бойынша қойылымдар дайындады. Дәл осы күні ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық турнир және Ә. Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің халықаралық конгрессінің пленарлық мәжілісі өтеді. Айта кетерлігі, Алматыда халық жазушысының есімі ұлықталды. Оның атына көше беріліп, жазушы тұрған үйге мемориалды тақтайша орнатылды. Бұл өз шығармалары арқылы мәңгі жасайтын қазақ халқының кемеңгер ұлына деген құрметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close