Алматылықтар үйлерін газбен жабдықтау үшін пайыссыз несие алады Әлеуметтік аз қамтылғандарға газ тегін тартылады

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бүгінде Мегаполисте 2800-ге жуық жеке тұрғын үйлер газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Толғақты мәселені шешу үшін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев екінші деңгейлі банктер арқылы несие беру мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берген еді. Әкімдіктің бұл бастамасына Халық банкі қолдау білдірді. Ол үшін қала тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беру туралы келісім жасалды.

– Халық Банктің Бас кеңсесі экологиялық жағдайды жақсартуға мүдделі. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың ақпан айында тұрғындармен өткізген есептік кездесуінен кейін біз бұл жобаны қолдауға дайын екенімізді мәлімдедік, – деді Халық банкінің Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Күдікова.

– Коронавирус инфекциясы және одан кейінгі карантиннің болуы жұмысты белгіленген мерзімінде тапсыру жағынан бірқатар өзгерістер болғанына қарамастан, біз қала басшылығымен бірлесіп, жобаны  жалғастырдық. Бүгін жобаны халыққа таныстырып, оның ауқымы кең екенін атап өткім келеді. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар соңғы жылыту маусымына дейін экологиялық таза емес  майды қолданған.  Олар  қаланың ауа бассейінінің тазалығына теріс әсер ететінін бәрімізге мәлім.  Халық банкі қала әкімдігі берген тізімдегі  үйлерге газды тегін, қайырымдылық көмек ретінде қосып береді.  Ал басқа үйлерге өте тиімді шарттары бар жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Бұл – біздің Алматының ауасын жақсартуға қосқан үлесіміз болады, – деді Т.Күдікова.

Сонымен қатар, әкімдік өткен жылдың тамыз айында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы қажет  әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықтың  210 мекен-жайын анықтады. 210 мекен-жайдың 148-і газға қосылған,  ал қалған 62-і қосылмаған. Аудандық әкімдіктер қосымша 30 ӘЖАҚТ (әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар) мекен-жайын анықтады. Нәтижесінде Халық банкіне 92 мекен-жайдың тізімі (Алатау ауданы бойынша – 40, Бостандық – 6, Наурызбай – 46) берілді.

Халық банкі табысы аз азаматтарға қолдау көрсету және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ӘЖАҚТ санатына кіретін азаматтардың үйлеріне тегін  газ қосып беруді ұсынады. Жұмыстың сметалық құны – 60 млн. теңгені құрайды.

 

Несие алу үшін азаматтар мына кезеңдерден өтуі керек:

– Қажетті құжаттар тізімі жайлы кеңесу үшін аудан әкімдіктеріне хабарласу;

– Егер құжаттар толық болса, газ қосудың техникалық шарттарын алу  және жеткізушілермен келісім жасау;

– Несие алу туралы келісіммен Халық банкінің филиалдарына жүгіну.

 

Несиені банктің мына филиалдарынан алуға болады:

– Түрксіб ауданы,  Кунгурская көшесі, 2 үй, Халық банкі, 131832 филиалы;

– Әуезов ауданы,  «Жетісу-4» ықшамауданы, 13 «А» үй, Халық банкі, ЦПС 30.

 

Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес халықты 0% мөлшерінде несие алуы үшін (Алматы қаласы әкімдігінің тізіміне сәйкес жеке ауданды газдандыру) келесі шарттарды ұсынады:

– Сыйақы мөлшерлемесі – 0%;

– Несиені рәсімдегені үшін комиссия – 0,1%;

– Несие мерзімі –18 ай;

– Бір адамға берілетін ақша  309 000 теңге (бұдан көп емес).

КЕРЕК ДЕРЕК

Газды қосу үшін техникалық шарттарды алуға қажет құжаттар тізімі:

– Иесінің жеке куәлігі;

– Жер учаскесіне мемлекеттік акт;

– Үй құрылысының техникалық паспорты;

– Құқық белгілейтін құжат;

– Газ жабдықтарына техникалық паспорт.

КЕРЕК ДЕРЕК

  1. Алатау ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Жанқожа батыр көшесі, 26

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Қамбатыр Зиарат Ерболұлы

Телефон: 8 775 951 56 56

 

  1. Алмалы ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 74а

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Ешмұратов Дәулет

Телефон: 8 707 588 39 98

 

  1. Әуезов ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Алтынсарин даңғылы, 23

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Кәкетаев Азат

Телефон: 8 701 663 33 55

 

  1. Бостандық ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Айманов көшесі, 191

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Құттымбетов Ұлан Мергенбайұлы

Телефон: 8 775 725 70 71

 

  1. Наурызбай ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Шұғыла ықш., 347

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Рысбаева Жұлдыз Байдуллақызы, 100 каб.

Телефон: 8 747 170 17 18

 

  1. Жетісу ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Серіков көшесі, 2а

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Бақтыгереев Аршат Аманбайұлы

Телефон: 8 707 840 08 48

 

  1. Медеу ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: мкр. Шұғыла, 347

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Рысбаева Жұлдыз Байдуллақызы, 100 каб.

Телефон: 8 747 170 17 18

 

  1. Түрксіб ауданы әкімінің аппараты:

Мекен-жайы: Шолохов көшесі, 9

Консультант: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Шитикова Татьяна Владимировна

Телефон: 223 11 53

 

 «КазТранс Газ Аймақ» АҚ:

Мекен-жайы: Байзақов көшесі, 125, 1 қабат, 411 кабинет

Консультант: жаңа жобалар бөлімінің жетекші маманы

Самбетов Омар

Телефон: 8 705 878 88 76

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close