Алматылықтар дәрігерлерге жылы лебіздерін білдірді

Бүгінгідей індет уақытында қандай мемлекет болсын, қандай адам болмасын оңай тиіп тұрмағаны анық. Еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда ақ халатты абзал жандарымыз жанкештілік танытып, алғы шепте болды.

Бірнеше білікті дәрігерлеріміз халыққа көмек көрсетіп, азаматтық парыздарын өтеп жүріп, жан тапсырды. Біршамасы қиындыққа қарамай ел алдындағы борыштарын адал атқарды. Алдағы уақытта да дәрігерлерімізге жүктелер жүк азам емес екенін бәріміз сезіп те, біліп те отырмыз.

Атап айтсақ, Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық аурухана қызмет көрсету бойынша бүгінгі таңда алдыңғы қатарда.

«Біз халықтың денсаулығы саласындағы білімді арттыруымыз керек, өйткені қазіргідей ақпарат кеңінен тараған заманда жалған жаңалықтар адамдарды адастырумен, халықты дұрыс емес ақпаратпен қамтамасыз етіп жатқаны рас. Қазіргідей күрделі уақытта Алматы қаласындағы №5 қалалықаурухана мен оның басшысы Болат Садықов өте дұрыс қадамдар жасап, біз осы аурухананың базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жаңа үлгіде жұмыс істеудеміз», — дейді дәрігер Т.Ізмұхамбетов аурухананың қаладағы ең үздік екенін айтып.

Мамандандырылған №2 балалар үйінің директоры Латипа Қожамқұлова «біз №5 қалалық ауруханаға тіркелгенбіз, ол біздің балаларымызға толықтай қызмет етеді, балаларымызға қажет қымбат дәрілермен көмектеседі. Мамандар жылына үш рет келіп, мұқият медициналық тексеруден өткізеді» деп №5 аурухана басшысы Болат Нұрмырзаұлы мен аурухана ұжымына ерекше ықыласын білдірді.

«Қазір бұрынғыдай кейбір шетелдік дәрігерлерді іздеу керек деген проблема жоқ. Мұнда сіз білікті көмек ала аласыз және аурухана ата-аналарға тек емдеу тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге тиісті құжаттарды дайындау бойынша да өте жақсы көмек көрсетеді», — дейді емделушілер.

Еліміз мықты мемлекет болуы үшін берік тірегінің, яғни іргетасының болғаны абзал. Кейінгі оқиғалар денсаулықтың әсіресе маңыздылығын атап өтті. Сондықтан болар, дәрігерлердіңде қадірін түсінгендейміз. Абыроймен, маңдай термен еңбек етіп жүрген абзал жандардың игі істері осындай.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close